АҚШ Қазақстанды Ілияшевтің құқығын шектемеуге шақырды

  • 26.06.2020
  • Malim Админ

АҚШ мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюросы Қазақстан үкіметін белсенді Әлнұр Ілияшевке қоғамдық қызметпен айналысуға мүмкіндік беріп, барлық құқығын толық қалпына келтіруге шақырды.

«Сөз бостандығын құрметтеу – кез келген өркендеген демократияның негізі. Біз Қазақстан үкіметін Әлнұр Ілияшевтің Қазақстан азаматы ретінде барлық құқығын қалпына келтіруге және барлық азаматқа қамалу немесе қуғын-сүргіннен қорықпай өз пікірін білдіруге мүмкіндік беруді сұраймыз», - деді бюро Twitter-дегі хабарламасында.

Алматыдағы Медеу аудандық соты 22 маусым күні "төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты" деп айып тағылған азаматтық белсенді Әлнұр Ілияшевтің бас бостандығын үш жылға шектеді. Сонымен қатар сот оған бес жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салды. Сондай-ақ ол жаза мерзімі аяқталғанша жылына 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ ол уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрғылықты жер мен жұмысты ауыстыра алмайды.

Ә.Ілияшев сот процесі кезінде өзіне тағылған кінәні мойындамаған.

Белсенді Әлнұр Ілияшев 17 тәуір күні "төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты" деген күдікпен ұсталған болатын. Алматы қалалық полиция департаменті «күдікті жұртты әдейі жаңылыстыратын ақпарат таратты, полицияның ескертуіне құлақ аспады. Ол тіпті ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау ісі бойынша өткен соттан да тиісті қорытынды жасамады. Сот үкімі бойынша, Ілияшевті бұрын таратқан ақпаратты теріске шығаруға міндетті еді», – деп хабарлады.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігінен Әлнұр Ілияшевті қамаудан босатып, қылмыстық істі тоқтатуға шақырған.

Оқи отырыңыз: Түрмеге қамалсам, Тоқаевқа сөз келер еді

Байланысты жаналықтар

Имашев vs Цой: Тоқаев кімнің сөзін тыңдайды?

22.10.2020

Көлгіновтың рейтингі түсіп кетіпті

18.06.2020

Саяси партияларға бюджеттен қанша бөлінеді?

29.02.2020

Нұрәли Әлиев 1,5 миллион фунт даулап отыр

29.06.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев тоқ етерін айтты

25.02.2021

Дулат Ағаділдің қазасына қатысты іс тоқтатылды

28.05.2020