Гүлнәр Салықбай. Шуақты едің, қайда кеттің, жарығым…

Malim Админ

  • 26.06.2020
Жақсы көретін бауырың жайлы өткен шақта жазған қандай ауыр…
Ол кезде "Қазақстан" Ұлттық арнасының бас редакторы болғандықтан "Айтуға оңай", "Қарекет" бағдарламаларын қадағалап отыратынмын. Жағдайын айтып, жəрдем сұрап, бағдарламаға хабарласушыларда есеп жоқ еді… Бейсен бастаған қыз-жігіттер солардың бəріне қол ұшын беруге тырысатын. Арнайы хабар жасаудың реті келмесе, кейбір адамдарға Бейсеннің өзі көмектесіп жіберетін.
Ол жай ғана көп жүргізушінің бірі емес, халықтың сеніп, сырын айтатын, арқасүйер азаматы еді… Алматы мен Талдықорғанның арасында бір өзі бір министрліктің жұмысын атқарып, шапқылап жүріп, қанша адамға қамқорлық жасады екен…
Былтыр көктемде “Қарекет" тоқтатылғанда Алматыдағы Ұлттық арна ғимаратына қиналып, көмек сұрап, Бейсенді іздеп келген жұртты жұбатар сөз таппай қиналдық...
Ең соңғы рет былтыр жазда Талдықорғанда өткен "Жетісу" арнасының мерейтойында кездесіппіз. Арасында екеуміз хал сұрасып, "Қарекетті" ары қарай жалғастыру туралы сөйлестік. Бейсен: "Апай, аздап сырқатттанып жүрмін. Алдымен тəуір боп алайын, сосын хабарласам сізге. Тез жазылуға уəде берем!”, - деп еді күліп. Өмірінде орындай алмай қалған уəдесі осы ғана шығар…
Кабинетіме: "Апаай!", - деп жарқ етіп кіріп келіп, жасы кіші болса да жанымды демеп, еркелетіп кетуші еді...
Бір өзі бір қауым ел еді...
Бүгін қырқы екен...
Жаны жаннатта болғай...
Анасының иманы саламат болсын...
***
Күн жылады, тұнжырады Ай налып,
Шың жылады қара түнге байланып.
Ақша бұлтқа сіңіп кеттің аңқылдап,
Жаның құсқа, тəнің қысқа айналып.
Тəуірі едің, бауыры едің бəрінің,
Дəуірі едің намысы мен арының.
Күннің кенже баласындай жердегі
Шуақты едің,
Қайда кеттің, жарығым…
Жылағанды жүруші ең ғой жұбатып...
Бұ ғаламды неге кеттің жылатып?..
Көктемменен қол ұстасып жүрсің бе
Мəңгіліктің ұлы бағын ұнатып...
Адамдардың арасында Бір едің,
Қассыз едің, тассыз едің, нұр едің.
Мейірімнің астанасы еді ғой
Қара жерге қалай сыйды жүрегің...
Ақынның фейсбук парақшасынан алынды
Байланысты жаналықтар

Бейсен Құранбек атындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

27.09.2021

Бейсен Құранбек атындағы байқау өтеді

22.05.2020

"Әжеміздің ғасыр тойында тік тұрып қызмет етеміз деп уәделесіп едік қой, Бейсаға!"

09.12.2020

Айдында жүзген ақ желкен

08.03.2021

Бейсен Құранбектің сөзі: Шал мен кемпірдің баласы болдым

03.03.2021

Абзал Құспан Шораевтан жала жапқаны үшін кешірім сұрады

17.06.2020
MalimBlocks
Бейсен Құранбек атындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

Бейсен Құранбек атындағы байқау өтеді

"Әжеміздің ғасыр тойында тік тұрып қызмет етеміз деп уәделесіп едік қой, Бейсаға!"

Айдында жүзген ақ желкен

Бейсен Құранбектің сөзі: Шал мен кемпірдің баласы болдым

Абзал Құспан Шораевтан жала жапқаны үшін кешірім сұрады