Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бейсен Құранбектің ғасыр жасаған әжесі өмірден озды

Спорт
Бейсен Құранбектің ғасыр жасаған әжесі өмірден озды

Марқұм Бейсен Құранбектің әжесі дүниеден озды. Қаралы хабарды Бейсен Құранбектің досы Серік Әбікенұлы фейсбук парақшасында хабарлады.

«Ғасыр жасаған, аштық, қуғын көріп аман қалып, бір әулеттің саясы болған апамыз қайтты. Бейсекең өстіп құшақтап, "Апа-ау, ақынның баласы келді!" - десе қос қолын созып маңдайдан сүюші еді. Одан кейін бата беретін. Баршаның тілеуін тілеп отыратын. Апа үшін Бейсені командировкада жүр... Ертең сағат 10.00-де, Қызылжар ауылында жаназасы шығарылады. Иманды болыңыз, апа!», - деді Серік Әбікенұлы.

Марқұм Бейсен Құранбек ата-әжесінің баласы боп, өз әкесін «аға», анасын «тәте» деп өткен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу