«Қазгидромет» 28 маусымға арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Кей өңірлерде қатты ыстық сақталып, өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында әртүрлі қарқынмен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Сонымен қатар, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында күндіз ауа температурасы 35–42 градусқа дейін көтеріледі. Ең жоғары температура Түркістан облысында тіркеліп, сынап бағаны 40–42 градусқа дейін жетеді.
Синоптиктер көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті. Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтап, дауыл кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырады.