freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өртелген полицейдің қарындасы ағасы туралы естелік жазбасын бөлісті

Қоғам
Өртелген полицейдің қарындасы ағасы туралы естелік жазбасын бөлісті
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы Кеген ауданында мәйіті өртенген күйде табылған 37 жастағы полицей Аслан Альсеровтің қарындасы instagram-да марқұм ағасы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бәрімізді қорғап жүрген ардақты ағатай... Бұл қаралы хабарды қабылдау өте ауыр болды. Сіздей елге қорған болған, әрдайым халықтың тыныштығы үшін қызмет еткен азаматтың өмірден өтуі жүрекке қатты батты. Қарындасыңыз ретінде сізге деген құрметім мен алғысым шексіз. Жылы жүзіңіз, қарапайым мінезіңіз, елге деген адал қызметіңіз ешқашан ұмытылмайды. Сіздің жарқын бейнеңіз әрдайым жүрегімізде сақталады. Сіз әрдайым біздің жүрегімізде мәңгілік сақталасыз. Жаныңыз жәннатта болсын, ағатай. Сізге деген құрметіміз бен алғысымыз мәңгілік. Қош болыңыз, батыр ағатай...», — деп жазды Ақерке Қалиақпарова.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысына қарасты Кеген ауданында таулы жерден полиция қызметкерінің өртенген мәйіті табылғанын, қылмысқа күдікті ретінде марқұмның жұбайы мен ұлы қамауға алынғанын жазған едік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу