freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда шаңды құйын байқалды: ТЖД түсініктеме берді

Қоғам
Маңғыстауда шаңды құйын байқалды: ТЖД түсініктеме берді
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында шаңды құйын байқалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ерекше табиғи құбылыс тұрғындардың назарына ілігіп, оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Кадрлардан елді мекен аумағымен қозғалған биік шаң бағанын көруге болады. Бейнежазбаның нақты қашан түсірілгені белгісіз.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шаңды құйыннан зардап шеккендер мен қираулар тіркелмеген. Сондай-ақ «112» қызметіне бұл оқиғаға қатысты ешқандай хабарлама түспеген.

Мамандардың түсіндіруінше, мұндай шаңды құйындар күн қатты ысып, ауа температурасының айырмашылығы артқан кезде пайда болады. Осы кезде жоғары көтерілген ауа ағындары жердегі шаң мен құмды ілестіріп әкетеді.

Әдетте мұндай табиғи құбылыс шағын аумақта ғана байқалып, айтарлықтай қауіп төндірмейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу