freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодарда бейіт басында жүрген зейнеткерді бір топ жасөспірім пышақтап кетті

Оқиға
Павлодарда бейіт басында жүрген зейнеткерді бір топ жасөспірім пышақтап кетті
Фото: Canva

Павлодарда бейіт басында жүрген зейнеткерді жасөпірімдер пышақтап кеткен. Суворов қорымында болған төтенше жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Irbistv мәліметінше, оқиғаға 15-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері араласқан.

Дәрігерлердің хабарлауынша, 15 маусымға қараған түні сағат 04:00 шамасында денесінде пышақ жарақаттары бар 63 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген. Бағына орай, жарақаттар ауыр болмай, қарт кісі 5 күннен кейін үйіне жіберілген. Белгілі болғандай, ол зиратта бейресми түрде жұмыс істеп жүрген.

Аталған факті кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында қаралды. Жасөспірімдер түн ортасында зиратқа өздері ойлап тапқан жасырын қауымдастықтың «ғұрпын жасап», «аруақтарды шақыруға» барған көрінеді. Балалардың бір бөлігі ата-анасынан «досымның үйіне қонамын» деп сұранған, ал кейбірі үлкендердің қарауынсыз қалған.

«Балалардың түнде үйден тыс жерде жүргендігіне қатысты олардың ата-аналарына ата-аналық міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс берілді», - деп мәлімдеді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия төрағасы Светлана Гладышева.

Сонымен қатар Гладышева заңнамадағы жаңа өзгерістерге байланысты мектеп директорлары мен мұғалімдерді жазалау мәселесі қаралмайтынын, алайда комиссия тарапынан балалардың бос уақытын бақылауды күшейту қажеттілігі туралы ескерту жасалғанын атап өтті.

Павлодар облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу басталғанын және оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу