freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сенат әкімшілік рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдады

Құқық
Сенат әкімшілік рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдады
Фото: gov.kz

Қазақстанда әкімшілік рақымшылық жасау туралы заң жобасы қаралып жатыр. Кімдердің айыппұлы кешіріліп, кімдердікі кешірілмейтіні белгілі болды. Заңды Сенат мақұлдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кейбір адамдарға салынған айыппұлдар кешірілуі немесе жойылуы мүмкін. Яғни мемлекет белгілі бір жағдайларда қарызды немесе айыппұлды алып тастайды.

Рақымшылық Қазақстан азаматтарына, жеке кәсіпкерлерге, нотариустарға, адвокаттарға және кейбір мамандарға қолданылады.

Бұл жеңілдік:

компанияларға (заңды тұлғаларға);

шетел азаматтарына;

мемлекеттік қызметкерлерге;

қауіпті құқық бұзушылық жасағандарға қолданылмайды.

Мысалы, салықты жасыру, салық төлемеу, салық сомасын әдейі аз көрсету. Бұл істер бойынша айыппұл кешірілмейді.

Мемлекет шағын бизнеске “таза парақ” деген жеңілдік беріп отыр:

Егер кәсіпкер негізгі салық қарызын төлесе, айыппұл мен өсімпұл кешіріледі.

Алдын ала есеп бойынша, шамамен 2 370 адам, олардың ішінде жеке тұлғалар да, кәсіпкерлер де бар. Жалпы жеңілдік көлемі шамамен 298 млн теңгені құрайды.

Мемлекет кейбір адамдардың айыппұлын кешіру арқылы олардың қарызын жеңілдетпек, бірақ ауыр немесе қауіпті құқық бұзушылықтар бұл жеңілдікке кірмейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу