28 маусым күні таңертең Астанадағы ескі теміржол вокзалы аумағында орналасқан асхананың төбесінің бір бөлігі опырылып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде асхана ішінде шамамен 8–9 адам болған. Келушілердің басым бөлігі сыртқа шығып үлгерген. Бір әйел жеңіл жарақат алып, екі адам медициналық көмекке жүгінген.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ оқиғаның вокзал аумағындағы «Ертас» ЖШС-не тиесілі қоғамдық тамақтану орнында болғанын растады.
Компанияның мәліметінше, асхана орналасқан ғимарат 2002 жылдан бері «Ертас» ЖШС-нің жеке меншігінде. Осыған байланысты ҚТЖ нысанның қызметіне араласпайтынын және оны күтіп-ұстауға жауапты емес екенін мәлімдеді.