freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында полицейдің қазасы: Күдікті жасөспірімдер үйқамаққа алынды

Қоғам
Алматы облысында полицейдің қазасы: Күдікті жасөспірімдер үйқамаққа алынды
Фото: polisia.kz

Алматы облысында полиция қызметкерінің қазасына байланысты іс бойынша ұсталған кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ таңдалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Адвокаттар Гаухар Сарыева мен Динара Шамшекованың мәліметінше, Кеген аудандық сотының тергеу судьясы тергеу органының өтінішін қарап, олардың қорғауындағы жасөспірімдерді үйқамаққа жіберу туралы шешім шығарған. Қазіргі уақытта олар өз үйлерінде.

Сот қаулысына сәйкес, жасөспірімдерге электронды бақылау құралдары (білезік) орнатылып, бейнебақылау жүйесі қолданылуы тиіс.

Сот отырысы барысында қорғаушылар қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін барлық мән-жайды жан-жақты тексеру қажеттігін де көтерген.

Олардың айтуынша, жасөспірімдердің ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынас жағдайында өмір сүрген болуы ықтимал. Алайда адвокаттар мұны дәлелденген факт ретінде емес, тергеу барысында мұқият тексерілуі тиіс болжам ретінде қарастыру қажет екенін атап өтті.

Еске салайық, 23 маусым күні Алматы облысының Кеген ауданындағы таулы жерде жергілікті шопан полиция қызметкерінің күйіп кеткен мәйітін тапқан болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу