freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Түрлерін көргім келмейді": Мейрамбек Беспаев әріптестері Сәкен мен Кенжебек туралы айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Түрлерін көргім келмейді": Мейрамбек Беспаев әріптестері Сәкен мен Кенжебек туралы айтты (ВИДЕО)
Malim.kz коллажы

Әнші Мейрамбек Беспаев "МузАРТ" тобының мүшелері Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбіловті алған марапаттарымен құттықтап, әзіл аралас жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі әріптестерінің еңбегі еленгеніне қуанышты екенін айтып, оларды орден алуымен құттықтады.

"Менімен бірге алуларың керек еді. Реті бүгінге келіп тұр екен. Еңбектерің бар, жарайсыңдар, құтты болсын! Енді сендермен ән айтуға болады. Әйтпесе түрлеріңді көргім келмей отырған", – деп әзілдеді Мейрамбек Беспаев.

Әншінің бұл сөзі көпшілікті күлдіріп, желі қолданушылары өнердегі достардың жарасымды әзілін жылы қабылдады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мейрамбек Беспаев "Парасат" орденіне ие болған еді. Сондай-ақ Мейрамбек Беспаев жас өнер иесі Еркеш Хасенге автокөлік сыйлап, көпшіліктің ықыласына бөленген болатын.

Мейрамбек Беспаев туралы не білеміз?

Мейрамбек Беспаев – қазақ эстрадасындағы орны бөлек өнер иесі. Ол әнші, актер әрі термеші ретінде көпшілікке кеңінен танылған. Өнер иесі 1976 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген.

Әнші нәзік лирикалық туындылары, ұлттық бояуы қанық орындау мәнері және қазақы болмысымен тыңдарман жүрегінен орын алды. Ол – елге танымал "МузАРТ" тобының негізгі мүшелерінің бірі.

Мейрамбек Беспаев бала кезінен өнерге жақын болып өсті. Алғашқы музыкалық білімін Тараз қаласындағы М.Глинка атындағы музыкалық мектепте алған. Кейін Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыка мектебінде білімін жалғастырды.

Жоғары оқу орнын Т.Жүргенов атындағы театр және кино академиясында актерлік мамандық бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Сүйінбай атындағы филармонияда солист болып бастап, халық әндері мен белгілі композиторлардың шығармаларын орындау арқылы көрермен ықыласына бөленді.

Әншінің репертуарында қазақ өнерінің алыптары Кенен Әзірбаев пен Нұрғиса Тілендиевтің туындылары бар. Сондай-ақ ол "Қазақконцерт" ұйымында еңбек етіп, ұлттық өнердің дамуына өз үлесін қосты.

Мейрамбек Беспаев әншілікпен қатар кино саласында да бақ сынаған. 2010 жылы "Ғашық жүрек" фильмінде өз бейнесін сомдап, актерлік қырын көрсетті.

Өнердегі еңбегі үшін Мейрамбек Беспаев "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталған. Сонымен қатар оған "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді.

Бүгінде Мейрамбек Беспаев қазақ сахнасындағы ұлттық өнер мен заманауи эстраданы үйлестіре білген танымал тұлғалардың бірі саналады. Оның шығармашылығы Қазақстанда ғана емес, шетелдегі тыңдармандар арасында да жоғары бағаланады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу