freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде өзін антикор қызметкері деп таныстырған ер адам 3,5 жылға сотталды

Қоғам
Ақтөбеде өзін антикор қызметкері деп таныстырған ер адам 3,5 жылға сотталды
Фото: magnific.com

Ақтөбеде өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстырып, төрт адамды миллиондаған теңгеге алдаған ер адам 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот мәліметінше, үкім шыққанға дейін айыпталушы барлық жәбірленушіге келтірілген шығынды толық өтеп, олармен медиациялық келісім жасаған. Осыған байланысты ол нақты бас бостандығынан айырылған жоқ.

Басылымның хабарлауынша, 46 жастағы ер адам жәбірленушілердің біріне өзін жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстырып, тәркіленген пәтерлер мен автокөліктерді арзан бағамен алып беруге көмектесетінін айтқан. Сонымен қатар, «Даму» қоры арқылы 15 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз несие рәсімдеуге жәрдемдесуге уәде берген.

Осыған сенген әйел алдымен пәтер үшін 2 миллион теңге берген. Кейін несие рәсімдеу сылтауымен тағы бірнеше рет ақша тапсырған. Қажетті соманы жинау үшін ол банктен 2,7 миллион теңге несие де рәсімдеген.

Кейін ер адамның жемқорлыққа қарсы қызметке де, «Даму» қорына да ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Ол дәл осындай тәсілмен тағы үш адамды арзан баспана алып беремін деп алдаған.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Үкім шығарылғанға дейін барлық шығынды өтеп, жәбірленушілермен медиациялық келісім жасағандықтан, ол бас бостандығынан айыру жазасынан құтылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу