freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президент атынан БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер табысталды

Қоғам
Президент атынан БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер табысталды
Фото: https://t.me/AibekSmadiyar

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол биыл мерекенің кең көлемде аталып өткенін, БАҚ саласының дамуына үлес қосқан ардагерлер мен журналистердің мемлекеттік наградаларға, сыйлықтар мен гранттарға ие болғанын атап өтті.

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні кең көлемде аталып өтуде. Осы саланың дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлеріміз, журналистер қауымы айрықша ардақталды. Олардың бірқатары жоғары мемлекеттік марапаттарға, беделді сыйлықтар мен гранттарға ие болды.

Журналистика саласында еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерге кәсіби мереке аясында жылдағы дәстүрге сай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер берілді.

Дәстүрге сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан журналистика саласында еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерге баспана кілті табысталды.


Президент бұған дейін БАҚ қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында өңірлік журналистердің еңбегін ерекше атап өтіп, алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін тілшілерге де пәтер берілетінін мәлімдеген болатын.



Осы тапсырма аясында биыл «Dara» Президенттік бастамалар қоры арқылы БАҚ қызметкерлеріне барлығы 66 пәтер берілді.


Оның 15-і Астанада, 15-і Алматыда, ал қалған 36 пәтер еліміздің 18 өңіріне екі пәтерден бөлінді.


Баспана иелері қатарында республикалық БАҚ өкілдерімен қатар жергілікті газет, телеарна және ақпараттық портал журналистері де бар. 

Сондай-ақ Арқалық қаласы мен Созақ ауданында еңбек етіп жүрген тілшілер де жаңа баспаналы болды.
Бұл бастама өңірлердегі білікті журналистерді қолдауға және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына серпін береді деп күтілуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу