freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

29 маусымда ауа райына байланысты ескерту жасалды

Экология
29 маусымда ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 29 маусымда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 29 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтөбеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15–20, кей уақытта 23–28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15–20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың орталығында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде жаңбыр, найзағай, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ақтауда жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатың жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатың жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Таразда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Астанада жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу