Нұр-Сұлтанның көшелері көлге айналды

  • 27.06.2020
  • Malim Админ

Қыста Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай КӨЛГІНОВТЫ қалың жауған қар әбігерге салып еді. Енді екі күнгі жауын астана әкімдігінің мазасын алды.

Нұр-Сұлтан қаласы коммуналдық қызметі көшелерден 20 мың текше метрден астам жаңбыр суын сорып алды. Жауын суымен күресуге 140 арнайы техника жұмылған.

«Көшелерді су басуға жол бермеу үшін нөсерлік кәріз құрылысы мен коллекторларды тазарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Қаладағы коллекторлардың жалпы ұзындығы 354 шақырым, олардың үштен бірі тазалауды қажет етеді. Бітеліп қалған жүйелер жауын-шашын кезінде нөсерлік кәріздердің уақытылы жұмысына кері әсер етеді», - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілі.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, Жұмабек ТӘШЕНОВ, Абылай хан және Таха ХУСЕЙН даңғылындағы коллектор толығымен бітеліп, одан 2,5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.

Әлеуметтік желілерде көлге айналған астана көшелерінің видеолары жарияланып жатыр. Автокөліктер суды белуаранын кешіп, бейне бір қайыққа аналғандай.

Фото: tengrinews.kz

 

Байланысты жаналықтар

Халықтың зейнетақы жинағы неге азайып жатыр?

18.04.2020

Бақауовты босатыпты

19.02.2020

Сәбізге келгенде Сұлтановтың сіркесі су көтермейді

13.07.2021

Дәрігер: Індет шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ

02.07.2020

Әскери қызметтен кетпесем, үш баламен жалғыз қалуым мүмкін еді

22.06.2021

31 ТАМЫЗДАН БАСТАП МЕШІТТЕР АШЫЛАДЫ

26.08.2020