Адвокат: Қуандық Шамахайұлынан алты күн бойы неге анализ алмаған?

Malim Админ

  • 29.06.2020

Бүгін астанадағы №1қалалық ауруханада  журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды. Түнде дәрігерлердің бір қағазға қол қойдырып, дәрі бергенін жазған. Таңертең журналистің ұлына дәрігерлер хабарласып, әкесінің қайтыс болғанын айтқан. Бұл жағдайға байланысты адвокат жалдау керек деп бір топ адам әлеуметтік желіде жазба жариялады. Белгілі адвокат Ләззат Кендебайқызы мынандай пост жазды.

«Қуандық Шамахайұлы аға қайтыс болған №1 қалалық ауруханадамыз. Ішке кіргізбейді. Дәрігерімен телефон арқылы сөйлестік. Ковидке тапсырылға анализ дайын болмай, мүрдені бере алмаймыз дейді. Сарапта жасату керек, мүрдені беріңіз деп сұрадық. “Егер короновирустан қайтқан болса, басқаша жерлейміз, ал отрицательный результат шықса, сараптама жасатуға болады, ал анализ дайын болмай, беруге қақымыз жоқ” деген жауап естідік. Түскен кездегі диагнозын сұрадым. Түскеніне 6 күн болыпты. Содан бері неге анализ алмаған? “Двусторонняя пневмония, тяжелая степень. Дыхательная недостаточность 3-ей степени”, - деді. Түсіріп, ватсаптан жіберуді сұрап едік, уақыты жоқтығын айтты. Анализ нәтижесін күткеннен басқа амал жоқ», – деді Ләззат Кендебайқызы фейсбук парақшасында.

Белгілі адвокат сонымен қоса журналист Қандық Шамахайұлының жары Айшаның да жағдайын айтты. «Айша әпкені сабырға шақырыңыздаршы, жағдайы қиын...  Ағаны қатты жақсы көруші еді, “Құлағына айқайлаймын, өлуі мүмкін емес, ол комада жатыр. Кеше түнде алып кетуім керек еді” деп, өзін кінәлап жатыр. Қалай жұбатарымызды да білмейміз. Терезеден қанша өліктерді алып шығып жатқанын көріп, жаман болып тұрмын мен де.  Халқыма сабыр берсінші Алла!!! Қазір сәл өзіме келейін, мән-жайды толық жазам», - деді Ләззат Кендебайқызы.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады