Түркістан облысында дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандар ұсталды

Malim Админ

  • 07.07.2020

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері дәріханалардағы дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілерін болдырмауға бағытталған рейд өткізді. Қорытындысында облыс аумағында бес дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғылдарды заңсыз сату фактілері анықталды.

Түркістан қаласының аумағында жүргізілген жедел іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері қалалық дәріханалардың бірінің фармацевтін Cef-3 дәрі-дәрмектерін үлкен көлемде сатып жатқан жерінен ұстады. Сатушы 336 қорапты 1500 теңгеден 405 000 теңгеге сатқан. Ал, дәріханалардағы бір қораптың құны – 1300 теңге. Одан әрі, әлеуметтік желілерді бақылау барысында криминалдық полиция қызметкерлері Сарыағаш тұрғынының медициналық маскаларды заңсыз саудаланғанын анықтады.

Тұрғынның көлігін тексеру кезінде тәртіп сақшылары тағы 4950 дана мөлшерде медициналық маска тәркіледі. Сол күні Арыс ауданында полиция қызметкерлері “аскорбин қышқылын” Арыс қаласындағы дәріханалардың бірінен 700 теңгеден сатылғанын анықтаған. Бөлшек саудада аталған дәрі бағасы 300 теңге. Барлық анықталған фактілер бойынша тексеру жүргізіліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы шаралар қабылданатын болады. Түркістан облысының полициясы дәрі-дәрмектердің қымбат бағамен, әрі заңсыз сатылуына куә болған тұрғындарды полицияның “102” телефонына хабарласуға шақырады.

Дереккөз: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Көпбалалы отбасыларға 106 пәтер берілді

12.04.2021

«Еңбек» 6 айда 283 мың адамды жұмыспен қамтыды

22.07.2020

Коронавируспен ауырған дәрігерлер жұмыссыз қалды

25.05.2020

2 айға 20 миллион: Семей әкімдігі сюжетті қатты бағалайды

12.05.2021

Есімовтің күйеу баласы Jýsan банктің акциясын сатып алды

30.12.2020

Бірыңғай Тұрғын үй операторы баспананы қалай қол жетімді етеді?

22.04.2020
MalimBlocks
Көпбалалы отбасыларға 106 пәтер берілді

«Еңбек» 6 айда 283 мың адамды жұмыспен қамтыды

Коронавируспен ауырған дәрігерлер жұмыссыз қалды

2 айға 20 миллион: Семей әкімдігі сюжетті қатты бағалайды

Есімовтің күйеу баласы Jýsan банктің акциясын сатып алды

Бірыңғай Тұрғын үй операторы баспананы қалай қол жетімді етеді?