Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Әлеумет

Алматы облысында құлағалы тұрған мектепте балалар оқиды

Берік Жанатханұлы Авторы: Берік Жанатханұлы
08.07.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы облысында апатты мектептер әлі де бар. Бір ғана Панфилов ауданының өзінде 3 бірдей апатты мектеп бала оқытып келеді. Олар Шежін, Басқұншы және Аққұдық ауылдарындағы білім ошағы. Ескіріп  тозығы жеткен ғимараттардың   қабырғалары жарылып, едендері шіріп тозығы жеткен. Мәселен даңқты суретші  Әбілхан Қастеевтің   туған жері Шежін ауылындағы мектеп 1936 жылы салынған.

«Бұл мектеп өте ескі. 1983 және 2005 жылдары қасына іргелес 1 қабатты ғимарат жапсарласқан. Көп жері ажырап кеткен. Сөгіліп жатқан қабырғаларды қаңылтырмен жауып қойғанбыз.  Құлағалы тұр. Қауіпті», – дейді Шежін ауылының тұрғыны Жексенбай ЖҮНІСОВ.

Жапсарлас салынған ғимараттың арасы ажырап, қабырғалары жарылған. Ішке қарай құлап  кетпеу үшін сыртынан тіреу қойып ұстатып қойған екен. Оның өзіне еш кепілдік жоқ. 1936 жылы салынған мектептің апатты деп танылғанына  6 жыл болған. Жауаптылардың айтуынша, ол блокта балалар оқымайды. Бірақ  Mәлім кз  сайтынын тілшісі қауіпті блокта балаларға арналған кітапхана, медициналық  бөлме орналасқанын көрді. Ең сорақысы ата- аналар балаларын 6 жыл бойы қауіпті мектепте оқытып келеді.  Амал нешік, 2021 жыл да балалар осы ғимаратта білім алуларына тура келеді.

 «Мектептің іргетасы 1936 жылы қаланған. 1983, 2003 жылдары қосымша жұмыс жүргізілген. 60 орындық жаңа  мектеп салу жоспарда бар. Спорт залы мен үлкен залы да болады. Ауылда бала өсімі 1-2 пайызға болса да бар.  2014 жылы жасалған экспертизаның құжаттары бар. Ол жерде мектептің кітапханасы, медициналық пункт бар және орынбасарларға арналған кабинет орналастырылған. Бірақ, оқушылар ол жерде оқымайды», – дейді Шежін орта мектеп директоры Қайсар ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ.  

 «Төрт немерем оқиды. Екеуі бітіріп кетті.  Енді қалғандары  үшін алаңдаймыз. Мектеп бір күні құлап кетсе, кім жауап береді? Актовый зал керек балаларға. Қысты күні спорт зал жоқ. Балалар ойнамайды. Үкімет балаларға ыстық тамақ береміз деп жатыр. Біздің мектепте ыстық тамақ беретін орын жоқ», – дейді ауыл тұрғыны  Жұмағазы НҰРҒАЗЫҰЛЫ.

Панфилов ауданындағы Аққұдық ауылындағы мектепте те аппатты жағдайда. Бұл мектепте 120 бала оқиды. Төбесі жарылып, қабырғалары қайысқан нысан 2011 жылы апатты деп танылған.  9 жыл өткеннен кейін ғана Аққұдық ауылына мектеп салуға шешім қабылданды . Жақын арада  жаңа мектептің құрылысы басталмақ. Бірақ  мектептің іргетасы 2 этаппен  салынбақ. Сондықтан да жаңа оқу жылында керегесі қайысқан, төбесе құлайын деп тұрған ғимарат балаларды қабылдайды.  2019 жылы СЭС мамандары нысанды жарамсыз деп жауып тастаған екен. Алайда, мектеп директоры жауапкершілікті өз мойнына алып қайта аштырып  балаларға білім берген.

Апатты мектептер кезек күттірмейтін мәселе болғанымен, оны бірден шешуге қаражат жағы болмай тұр дейді жергілікті шенділер. Бірақ ойға қонымсыз бір жайт Жаркент қаласындағы Еңбекші орта мектебі 1991 жылы салынған.  1176 орындық ғимаратта  870 бала оқиды. Мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына 1 116 320 000 (Бір млрд бір жүз он алты млн үш жүз жиырма мың) теңге бөлініп, 2020 жылдың 24 сәуірінде  «Нұр –Шапағат Құрылыс» ЖШС 960 710 061 (тоғыз жүз алпыс миллион жеті жүз он мың алпыс бір) теңгеге күрделі жөндеуден өткізген. Бұл қаражатқа аппатты деген 3 мектептің орнына жаңа мектептер салуға болмас па еді деген сұрақ туындайды.

Аудан басшысы Талғат ӨМІРӘЛИЕВ апатты мектеп Аққұдық пен Шежінде ғана емес, Басқұншыда да бар деді. Әкім әдеттегі жауабын айтады. Облыстан ақша сұрап жатырмыз деген.

Фотолар автордікі.

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар

Жұмағали Маханов пен Бекжан Тұрыс

Жұмағали Маханов: «Бекжанға таңғалам, Бақытжанмен сырласам»

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
17.04.2021
0

­«Алдыңғылардың әңгімесінде» қонақта Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының актері Жұмағали  Махановпен сұхбаттасқан едік. Сахнаның қыр-сырын...

Есенғали Раушанов

Есенғали планета боп кеткен жоқ па осы…

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
16.04.2021
0

16.04.2021. Адам тірі кезінде түскен әдемі суреттері өлген соң неге мұңлы бола қалады екен... Бір кездері жарқылдаған көзқарасы да қош...

Есенғали Раушанов қайтыс болды

Авторы: malim
16.04.2021
0

Ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов қайтыс болды. Бұл туралы ақын Ақберен Елгезек Facebook парақшасында жазған. "Қадірлі ағайын!...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді

03.04.2020

Мұхамеджан Тазабекке базына

07.07.2020

Қарағанды коронавирусқа қарамай дамыпты

03.11.2020

Nur Otan: жастардың мәселесі басты назарда

05.01.2021

Митингке шыққан белсенділер қамалды

01.03.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!