Қайтыс болған дәрігерлерге «Еңбек Ері» атағы берілді

Malim Админ

  • 13.07.2020

13 шілде – Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұту күні қарсаңында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ індетпен күресте қаза болған бірқатар медицина қызметкерлерін марапаттады.

Akorda.kz сайтының жазуынша, «Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін» Исаев Олег Николаевич (марқұм) мен Қозбағаров Қалихан Есбосынұлына (марқұм) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылған.

Олег Исаев – қайтыс болар қарсаңда Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында туған. 26 жылдан бері медицина саласында қызмет етіп келген.

«Коронавирустық инфекциямен күресудің алғашқы күндерінен бастап Олег Николаевич үйінен кетіп, еркін  түрде ауруханаға келіп, жұмыс орнында 12 сағаттан астам тұрып, пациенттердің өмірін сақтап қалды. Адамдардың қайғы-қасіретін көре отырып, өлімге душар болған адамдарға жанашырлық танытты және осылайша оның денесінің қорғаныш қасиеттерінің төмендеуіне әсер еткен үлкен психологиялық күйзелістерге ұшырады», деп жазылған марқұм Исаевты марапаттау парақшасында.

Қалихан Қозбағаров – Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері болған. 1960 жылы Ақтөбе облысында туған. 36 жылдан бойы медицина саласында қызмет еткен.

«Ол өзін сауатты маман, қабілетті ұйымдастырушы және білікті басшы ретінде көрсетті. Оның басшылығымен КВИ таралуымен күрес бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Еңбек ұжымы лайықты құрмет пен беделге ие», делінген марқұм Қозбағаровты марапаттау қағазында жазылған мінездемеде.

Байланысты жаналықтар

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

20.12.2021

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

14.12.2021

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдырғысы келетіндерді тіркеу басталды

05.12.2021
MalimBlocks
Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдырғысы келетіндерді тіркеу басталды