Иранда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Иранда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Сұлу Бөлек

  • 27.04.2025

Иранда 28 сәуір жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды, - деп хабарлайды Malim.kz ітлшісі Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

Иран үкіметі Шахид Раджаи портында болған жарылыстан қаза тапқандарға байланысты 28 сәуір, дүйсенбі күнін жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады және марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты.

Иран президенті Масуд Пезешкиан жексенбіде Тегераннан Бендер-Аббас қаласына ұшып барып, Шахид Раджаи портындағы жарылыс орнына барды. Апат салдарынан ондаған адам қаза тапқан болатын.

Президент Хормозган жағалау провинциясына барып, құтқару жұмыстарының барысы мен жарылыстың салдарын жою бойынша соңғы ақпараттармен танысты.

IRNA агенттігінің мәліметінше, жарылыс құрбандарының саны 28 адамға жетті. Бұған дейін 25 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. 1000-нан астам адам жарақат алған, тағы алты адам хабар-ошарсыз кеткен.

Иран портындағы жойқын жарылыс

26 сәуірде Иранның оңтүстігіндегі Шахид Раджаи портында күшті жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға отын сақталған резервуардың өртенуі себеп болған. Оқиға орнына жақын қалалардан құтқарушылар мен өртсөндірушілер жіберілді.

БАҚ мәліметінше, жарылыстың соққы толқыны соншалықты күшті болған, кеңсе ғимараттары қирап, көптеген көлік өртенген.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Масуд Пезешкианға және Иран халқына қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Фото: 1news.az

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

26.04.2025

Мәскеуде Ресей Қарулы Күштерінің генералы автокөлік жарылысынан қаза тапты

25.04.2025

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

25.04.2025

Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келісімге қатысты алғашқы келіссөз қалай өтті?

13.04.2025

Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жасырын келіссөздер басталды

12.04.2025

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

01.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

Мәскеуде Ресей Қарулы Күштерінің генералы автокөлік жарылысынан қаза тапты

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келісімге қатысты алғашқы келіссөз қалай өтті?

Оман астанасы Маскат қаласында Иран мен АҚШ арасындағы Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты алғашқы жанама келіссөздер аяқталды

Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жасырын келіссөздер басталды

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Өзбекстанның Әндіжан облысының Ізбасқан ауданындағы мешіттердің бірінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алды