Халықаралық ұйым: COVID-19 тіркеуінде Қазақстанның әдісін қолдану керек  

  • 17.07.2020
  • Malim Админ

Орталық коммуникация қызметіндегі бүгінгі брифингке онлайн қосылған ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Нитцан Қазақстандағы COVID-19 бен пневмониянының статистикасын біріктіруін қолдайтынын мәлімдеді.  

 «Қазақстандағы COVID-19 бойынша жағдай жақсаруда. Жұқтыру жағдайлардың үштен бірі соңғы аптада тіркелгеніне қарамастан, төмендеу байқалады. Мемлекет бірқатар санитарлық шараларды әзірлеп жатыр. Сонымен қатар науқастарды емдеу және аурухананың жағдайындағы инфекцияны бақылау шараларын жетілдіруде. Әсіресе, Қазақстан пневмониясы жоқ пациенттерді COVID-19 бойынша ДДСҰ зертханаларында тестілеуге келісті. Осыған ұқсас жағдайларда барлық елге осы жұмыс әдісін қолдануға кеңес береміз», - деді Дорит Нитцан.

Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына қатысты мәселені кеше кешке мемлекет басшысы Қ.Тоқаев  әлеуметтік желіде көтерген болатын.  Ал бүгін денсаулық сақтау министрлігі  COVID-19 бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізілетінін мәлімдеді.

 

Байланысты жаналықтар

Ішімдік пен есірткі адамның болашағына да қауіпті

24.11.2020

Бас прокуратура биліктің халыққа оқ атқанын мойындады

17.02.2020

Ахметов ардагерге бармай жатып, ақталды

05.05.2021

Қазақстанда өтетін чемпионат Өзбекстанға ауыстырылды

18.02.2020

“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

11.08.2020

«Гарант 24 Ломбард» халықты алдап кетті

19.02.2020