Мәмидің күйеубаласы қызметінен кетті

Malim Админ

  • 20.07.2020
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды" деп хабарлады Ақорда сайты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өткен айдың соңындағы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған біраз шенеуніктердің жұмысын сынға алды. Сонда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев  ескерту алған болатын.
48 жастағы Асқар Жұмағалиев  мемлекеттік басшылық қызметке ерте араласты. 32 жасында  Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасын басқарды. "Қазақтелеком", "Қазатомөнеркәсіп" компанияларын, бірнеше министрлікті басқарды.
Қазақстанды цифрландыру науқынының басы қасында негізінен Асқар Жұмағалиев жүрді. Әрине, цифрландыру жұмысында аз жұмыстар атқарылған жоқ. Бірақ, бұл жұмыстарға қыруар қаржы да бөлінді.
Елге коронавирус індеті келіп, төтенше жағдай орнаған сәтте цифрландыру жұмысы өте нашар жүргені білініп қалды. Мәселен, онлайнда білім беру көптеген кедергілерге ұшырады. Ал, әлеуметтік жердем алуға өтініш беру қияметке айналды.
Асқар Жұмағалиев жалпы жұртқа саясат элитасының басында ұзақ жүрген, бүгінде Конституциялық кеңестің төрағасы боп отырған Қайрат МӘМИДІҢ  күйеу баласы ретінде де танымал.
Байланысты жаналықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

26.04.2024

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024
MalimBlocks
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

Іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.

Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.