457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Маңғыстауда «Жастар EQ» жобасы жалғасын таппақ

2024 жылы Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен жастардың психикалық және менталдық денсаулығын нығайту, психологиялық мәдениетін қалыптастыру, эмоционалды интеллектісін дамыту мақсатында «Қолдау орталығы» жекеменшік мекемесі «Жастар EQ» әлеуметтік жобасын іске асырған болатын.


Биыл аталған жоба жалғасын таппақ. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы Гауһар Шамқұлова хабарлады. Спикердің айтуынша, өткен жылы жоба барысында маңғыстаулық 20 психолог маман эмоционалды интеллект, суицидология, прафайлинг, дағдарыстық жағдайлар және ата-ана мен бала қарым-қатынасы бағыттары бойынша оқытылды. -Оқыту аяқталғаннан кейін Ақтау, Жаңаөзен, Мұнайлы, Бейнеу, Түпқараған және Маңғыстау аудандарында жастарға арналған тренингтер мен кездесулер ұйымдастырылды. «Ағартушылар десанты» аясында психологтар мен сарапшылар әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу мақсатында ауыл-аймақтарды аралап, 18-35 жас аралығындағы жастармен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, суицид, зорлық-зомбылық және түрлі тәуелділіктің алдын алу мақсатында 40 беттен тұратын әдістемелік құрал әзірленіп, өңірдегі психологтар мен жастар ресурстық орталықтарына таратылды, - деді Гауһар Шамқұлова. Брифинг барысында «Қолдау орталығы» жекеменшік мекемесінің директоры Милана Елеусінова жобаның биылғы ерекшелігі мен жоспарын атап өтті. -«Жастар EQ 2.0» жобасы 4 айға созылады. Сол аралықта жастардың кемінде 5%-ына менталдық денсаулық бойынша ақпарат ұсынылады. 20-дан астам психологқа 4 компоненттік екі күндік оқыту ұйымдастырылады. Алматы мен Астанадағы жетекші орталықтарға стади-тур өтеді. Барлық аудан-қалаларда психологиялық семинар-тренингтер өтеді. «EQ mangystau_jastary» және «Sana&Sezim» парақшалары арқылы сапалы контент таратылады. 10 психологтың жеке бренді мен имиджін дамытуға бағытталған менторлық қолдау көрсетіледі, - деді Милана Елеусінова.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі