Экономика: Президенттің тапсырмасы және министрдің 10 жоспары

Malim Админ

  • 14.07.2020

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жұмысын сынға алып, екі апта ішінде елдегі ахуалды түзеуді тапсырғанын, егер олай болмаған жағдайда үкіметтің қазіргі құраммен жұмыс істеу-істемеуі туралы сұрақ туындайтынын айтқанына көп өте қойған жоқ. Елдегі жағдайды оңалту жайлы сөз болғанда, коронавирус пандемиясы салдарынан көптеген қиындықтарға тап болған, елдің экономикалық жағдайына ғана емес, кедендік қарым-қатынас, сауда айналымы, салық сияқты негізгі қаржы көздерін реттеп отыратын ведомство – Ұлттық экономика министрлігіне кұш түсетіні түсінікті. Осыған орай, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов экономикалық ахуал қиындай түскен жағдайда министрлік жедел шаралар қабылдап, іс-қимыл жоспарын әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Президенттің экономиканы оңалтып, халықтың табысын қалпына келтіру туралы тапсырмасын алға тартқан министр, алдағы уақытта министрлік жағдайды оңалту үшін 10 қадамнан тұратын жоспар құрылатынын айтады. Оның негізгісі – қазір құрылып жатқан үкімет пен Ұлттықұ банктің бірлескен іс-қимыл жоспары.

"Мемлекет басшысының ахуал қиындаған жағдайда салаларды қолдаудың қосымша шаралар топтамасын құру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспары құрылады. Жоспардың жобасын Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте қарап, кеңес мақұлдаған жағдайда бекіту ұсынылады", - дейді министр.

Бұдан арғы пункттерде, инвестициялар тарту үшін елде тұрақты жағдай қалыптастыру, тұрақты бизнес орта құалыптастыру мәселесіне орай, инвесторларға арналған шарттардың сақталуын қамтамасыз ететін заңнамаларды күшейту қарастырылуда. Министрдің айтуынша, бұл заңнамаға енгізілмек өзгерістер Мәжілістің қарауына жіберіледі.

Мемлекеттік компаниялардың бюджетке төлейтін дивиденттері көлемін арттыру мәселесі зерттеліп жатыр екен. Бұл да тиісті нормативтік-құқықтық акт негізінде іске асырылады.

Қазір көптеген шағын және орта бизнес өкілдеріне жасалып жатқан негізгі жеңілдік – салықтан босату, несиені төлеуді кейінге шегеру, коммуналдық төлемдерді бөліп төлеу сияқты қолдаулардың тиімділігіне талдау жасалады. «Оның сөзіне қарағанда, бюджеттің кіріс бөлігінің тиімділігін көтеру үшін салық преференциялары мен жеңілдіктерге талдау жасалады".

Аталған заңнамада Ұлттық банк арқылы кепілдендірілген трансферттердің мақсаты қатаң қаралады. Бұл, әрине, өз кезегінде мемлекеттік бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсау мен ысырап етудің алдын алуға тиіс.

Президент әкімшілігі бақылауды күшейтеді, яғни, министрлік Ұлттық банкпен, Қаржы нарығы агенттігімен, өзге де мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесе атқарған шаруалардың барлығы жайлы ақпарат беріліп отырады.

Бұдан бөлек, мемлекеттің фискалдық және экономикалық мүддесін қорғау бойынша, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша атқарылатын шаруалар реті көбейеді және жетілдіріледі.

Министрлік ерекше мән беріп отырған мәселе, «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай сервисін іске қосу. Осы бастаманың негізінде жұмыс істейтін «Бірыңғай терезе» толықтай жұмысын бастайды. Бұл кәсіпкерлердің мемлекеттен қолдау (қаржы) және кеңес (консультация) алуын жеңілдетеді деп күтілуде. Бұл тарапта және өзге де шараларды жеңілдету үшін, қағазбастылықты азайту үшін бизнесті қолдауды цифрландыру жұмыстары қолға алынып, белсенді қолданыла бастайды.

«Тұтастай алғанда, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірлесіп, ағымдағы экономикалық ахуалды мониторингілеу мен тиісті әлеуметтік мәселелерді әзірлеу жұмыстарын белсенді жүргізеді», - дейді министр Руслан Дәленов.

Айта кету керек, ведомство карантиндік шаралар тудырған қиындықтарға орай жаңа бағдарламалар қабылдау ғана емес, пандемиядан бұрын жоспарланған түрлі бағдарламаларды да тоқтатпайтынын айтып келеді.

Байланысты жаналықтар

Астаналықтарға жылу ақысы неліктен қымбат шықты?

05.03.2024

Жалпы ішкі өнімге қарағанда инфляция өскен

10.12.2020

Құдайбергенов жаңа қызметке кірісті

25.09.2020

"Нұрымбетовтің статистикасы күмәнді"

11.09.2020

Ұлттық қордың түбі көрінді. Енді қайттік?

03.09.2020

Экономика министрі тым «экономшыл» екен

10.03.2020
MalimBlocks
Астаналықтарға жылу ақысы неліктен қымбат шықты?

Ұлттық экономика министрлігі түсіндірді.

Жалпы ішкі өнімге қарағанда инфляция өскен

Құдайбергенов жаңа қызметке кірісті

"Нұрымбетовтің статистикасы күмәнді"

Ұлттық қордың түбі көрінді. Енді қайттік?

Экономика министрі тым «экономшыл» екен