Биылғы бірінші жартыжылдықтағы елдің экономикалық даму қорытындылары жарияланды

Өткен жылмен салыстырғанда сауда балансы жақсарып жатыр.

Берік Дәулетов

  • 15.07.2024

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның биылғы бірінші жартыжылдықтағы экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Malim.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының жедел деректері бойынша жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты өсуі ағымдағы жылғы қаңтар-мамырдағы 3,2%-пен салыстырғанда жеделдеуді көрсетіп, 3,3%-ті құрады. Динамиканың жақсаруы тауарлар өндірісінде де (3,5%-тен 3,6%-ке дейін), сондай-ақ қызмет көрсету секторында да (3,1%-тен 3,3%-ке дейін) байқалады.

Өткен жылмен салыстырғанда экономиканың өсу қарқынының баяулауы экономиканың едәуір секторларының дамуына, оның ішінде сауда, көлік, логистика және т.б. шектеуші әсер еткен 10 өңірдегі су тасқыны салдарының әсерімен, сондай-ақ мұнай өндірудің 1,6%-ке қысқаруымен байланысты.

ЖІӨ құрылымында экономика өсуінің басты факторларының бірі өнеркәсіптік өндіріс болып табылады, оның көлемі 2,8%-ке ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсу (5,1%-ке) сақталуда, ол тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі (0,3%-ке) өсуден едәуір озық қарқынмен өсіп келеді.

Өңдеу өнеркәсібінің салалары арасында машина жасау өндірісінің 9,4%-ке, металлургияның 8,3%-ке, химия өнеркәсібінің
5,3%-ке, фармацевтикалық өнімнің 14,8%-ке және жиһаз өндірісінің 28,3%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,7 трлн теңгені құрады және бес айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5 проценттік тармаққа жеделдеп, 8,6%-ке өсті.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 4,6 млн шаршы метр көппәтерлі үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,9%-ке жоғары.

Ауыл шаруашылығы маусымдық өсудің белсенді кезеңіне кірді. Ауыл шаруашылығында өнім өндіру 3,4%-ке өсті, бұл ағымдағы жылғы қаңтар-мамырдың көрсеткішінен 1,8 проценттік тармаққа жоғары.

Көлік саласы мен ақпарат және байланыс секторын дамыту экономика өсуінің маңызды құрамдас бөлігі болып қала беруде. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында көлік және қоймалау қызметтері 7,3%-ке, ақпарат және байланыс қызметтері 8,7%-ке өсті.

Нақты сектордағы өсу сауда көлемінің өсуімен қатар жүруде. Ішкі сауда көлемі 3,9%-ке ұлғайды және а.ж. қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,8 проценттік тармаққа жеделдеді.

Экономиканың шикізат емес салаларында инвестициялық белсенділік өсуде.

Өңдеу өнеркәсібінде (9,4%-ке), ақпарат және байланыста (2,4 есе), ғылыми және техникалық қызметте (58%-ке), көлікте (33,7%-ке), білім беруде (24,1%-ке), қаржылық қызметте (22,1%-ке) және жылжымайтын мүлікпен операцияларда (4,5%-ке) негізгі капиталға инвестициялардың өсуі байқалады.

Бесінші ай қатарынан іскерлік белсенділік индексінің өсуі байқалуда, ол маусым айының қорытындысы бойынша 51,4-ті құрады.

Ағымдағы жылы инфляциялық процестердің баяулауының тұрақты үрдісі байқалуда. Ағымдағы жылғы маусымда жылдық инфляция өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 8,4%-ке дейін төмендеді (а.ж. қаңтарда 9,5%).

Азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 5,4%-ке, азық-түлік емес тауарларға 7,4%-ке дейін баяулады. Ақылы қызметтер бағасының өсуі 13,8%-ті құрады.

Бұл ретте ағымдағы жылғы маусымда инфляция деңгейі өткен айға қарағанда 0,4%-ке дейін баяулады, бұл 2021 жылдан бері ең төменгі көрсеткіш болып табылады.

Инфляцияны тежеуге инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыру оң әсер етуде.

Өткен жылмен салыстырғанда сауда балансы жақсаруда.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында алдын ала деректер бойынша сыртқы сауда айналымы 55,3 млрд АҚШ долларын құрады.

Оның құрылымында тауарлар экспорты 1,8%-ке өсіп, 32,5 млрд долларды құрады, оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты
0,8%-ке, 10,5 млрд АҚШ долларына дейін артты.

Импорт 7,2%-ке қысқарып, 22,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Оң сауда балансы 9,6 млрд долларын құрады және 2,3 млрд долларға немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4%-ке нығайды.

Елдің халықаралық резервтері өсуде.

Жыл басынан бері жалпы халықаралық резервтер 5,4 млрд долларға өсті және ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 101,3 млрд АҚШ долларынан асты.

Оның ішінде Ұлттық қордың валюталық активтері 1,4 млрд доллларға, 61,4 млрд долларға дейін, ал Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері 4 млрд долларға, 39,9 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

Коллаж: Liter.kz

Байланысты жаналықтар

Трамптың билікке келуі Қазақстанға қалай әсер етеді? Сарапшылар пікірі  

21.01.2025

Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне өтті 

16.01.2025

Қысқы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде 2-орынға шықты

16.01.2025

Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан 2-орынға тұрақтады

11.01.2025

Жапония қазақстандық компанияға санкция салды

10.01.2025

Харбиндегі Қысқы Азия ойындарына елімізден 139 спортшы аттанады

08.01.2025
MalimBlocks
Трамптың билікке келуі Қазақстанға қалай әсер етеді? Сарапшылар пікірі  

Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне өтті 

Қысқы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде 2-орынға шықты

Елқұрамасы екі алтын, үш күміс, бір қола алды

Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан 2-орынға тұрақтады

Ел спортшылары 2 алтын, 2 күміс еншіледі

Жапония қазақстандық компанияға санкция салды

Сауда және интеграция министрлігі бұл жайында ертерек хабардар болған

Харбиндегі Қысқы Азия ойындарына елімізден 139 спортшы аттанады

Биылғы ойындарға 34 ел қатыспақ