Қызылордада 50 мектеп бұрынғыдай сабақ береді

Абай Нұржанұлы

  • 23.07.2020

Қызылорда облысында жаңа оқу жылында 50 мектеп санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі түрде сабақ өткізеді. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Бүгін облыс әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира ҚАСЫМОВАНЫ қабылдады. Ақзира БАҚТЫБАЙҚЫЗЫ онлайн оқытуды ұйымдастыру жұмысы мен білім мекемелеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жайлы баяндады.

Алдағы оқу жылында облыстағы  243 мектеп қашықтан, алыстан орналасқан және шағын жинақты 50 мектеп санитарлық талаптарды сақтай отырып әдеттегідей жұмыс жасайтын болады.
«Жұмыспен қамту Жол картасы» шеңберінде республикалық бюджеттен 8 млрд.теңге бөлініп, оған  52 білім нысаны жөндеуден өтіп жатыр екен.

Денсаулық сақтау министрі Алексей КИМ қыркүйек-қазан айларында коронавирустың ушыға түсетінін айтып, оқушылардың онлайн түрде білім алатынын мәлімдеген еді.

Ресми дерек бойынша Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар 2541 адам болса, сауыққандар саны 1677 адам.

Фото: facebook.com 

Байланысты жаналықтар

Спаррингтік кездесуге шақырту алған боксшы қыздардың тізімі жарияланды

29.03.2024

«Оқжетпес» футбол клубы өз қызметкерлеріне 400 млн теңгеден астам қарыз

29.03.2024

Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

27.03.2024

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

27.03.2024

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

26.03.2024

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

25.03.2024
MalimBlocks
Спаррингтік кездесуге шақырту алған боксшы қыздардың тізімі жарияланды

Сәуірдің 8-і мен 10-ы аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақырту алған боксшылардың құрамы бекітілді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп мәлімдейді Malim.kz.

«Оқжетпес» футбол клубы өз қызметкерлеріне 400 млн теңгеден астам қарыз

Көкшетау прокуратурасының мәліметінше, «Оқжетпес» футбол клубы 160 қызметкерінің жалақысын төлемеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Қазақ спортшылары олимпиадаға жолдаманы Тблисиде өткен әлем кубогінде жеңіп алды.