Праймериз көшбасшыларды ғана емес, мықты сарапшыларды іріктеп беруі керек – Яков Федоров

Malim Админ

  • 24.07.2020

Биыл «Nur Otan» партиясы өткізетін праймериз өңірлерде жаңа көшбасшыларды іріктеп, іскер жастардың билікке келуін қамтамасыз етеді деп күтілуде. Танымал блогер Яков Федоровтың айтуынша, аталған саяси науқан халық пен биліктің арасын жақындатуы үшін тек көшбасшыларды іріктеп қоймай, жаңа сарапшыларды да сахнаға алып шығуы керек.
Бұл ойын блогер «Nur Otan» партиясы жақтастарының лигасы өткізген zoom-конференция барысында айтты.
«Менің ойымша, праймериздің негізгі мақсаты – халықтың нағыз өкілдерін табу. Мен облыстардағы мәслихаттарды зерттедім. Мәселен, Жамбыл облысының мәслихатында небәрі бір ғана жас депутат бар. Түркістан облысындағы мәслихатта әйелдер саны аз. Мұндай жағдай бүкіл Қазақстанда бар. Демек, көп жағдайда әйелдер мен жастардың мүддесі қорғалмай қалады. Праймериз аясында қазір тек жас лидерлерді емес, мықты эксперттерді де табуымыз керек. Сонда халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын депутаттық корпус жасақтай аламыз», - деді блогер.
Ол сондай-ақ, Үкіметтің қабылдап жатқан шешімдері шалғайдағы тұрғындардың құлағына жетпей жататынын айтты.
«Баршамыздың дәл қазіргі мақсатымыз бір, ол – пандемиядан жеңімпаз болып шығу. Бұл ретте Үкіметтің жұмысы маңызды. Оның қабылдаған әрбір шешімінде шынайылық болуы тиіс. Аймақтағы тұрғындардың көбі Үкімет жұмысынан бейхабар. Себебі ол жақтағы атқарушы билік ақпараттандырудың жаңа әдістерімен жұмыс істемейді», - дейді Я.Федоров.
Ол сондай-ақ, елдегі саяси жүйедегі өзгерістер де күн тәртібіндегі басты мәселе екенін атап өтті.
«Қазіргі басты мәселе – экономика ғана емес, үкімет пен жүйені саяси өзгерту. Осындай уақытта білім беру, өнеркәсіп саласы тоқтамай жұмыс істеуі керек. Ал, үкімет бизнес өкілдеріне қолдауын күшейтуі қажет», - деп ойын түйді блогер онлайн-конференция барысында.
Айта кетейік, аталған zoom-конференцияға «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, саясаттанушылар Айдос Сарым мен Қазбек Майгелдинов, журналистер Бағдат Қожахметов, Айдос Жұқанұлы, Рахат Жақсыбай, блогерлер Яков Федоров, Бибігүл Дәулетбекқызы, Самат Нұртаза қатысты.

Байланысты жаналықтар

«Праймериз» жүйесінің жұмысы бір қалыпқа түсті

02.10.2020

Расул Жұмалы билік партиясының жеті қырын атады

05.06.2020

Праймериз ойын тәртібін өзгертеді

05.06.2020

Алматы облысында праймериз өлген адам тірілтті

27.10.2020

Праймериз де өтті күркіреп

04.10.2020

Праймеризге келген жастар билікті ішінен өзгертеді деп сенемін – Бағдат Қожахметов

20.08.2020
MalimBlocks
«Праймериз» жүйесінің жұмысы бір қалыпқа түсті

Расул Жұмалы билік партиясының жеті қырын атады

Праймериз ойын тәртібін өзгертеді

Алматы облысында праймериз өлген адам тірілтті

Праймериз де өтті күркіреп

Праймеризге келген жастар билікті ішінен өзгертеді деп сенемін – Бағдат Қожахметов