Ә. Назарбаева Жаркенттің экологиясымен айналыспақ

Malim Админ

  • 29.07.2020

Қазақстанның экс-президентінің қызы Жаркент қаласында ауаның ластануына алаңдаушылық білдірді. Ол туралы Әлия НАЗАРБАЕВА инстаграм парақшасында жазды.

Әлия Назарбаеваның жазуынша, оған Жаркенттен көптеген хаттар келген.

«Жаркент қаласындағы ауаның ластануына байланысты мәселені өз бақылауыма аламын. Экологиялық қоғамдардың ассоциациясына Панфилов ауданындағы экологиялық мәселені жіті тексеріп, көмек берулерін тапсырдым. Облыстағы тиісті мекемелермен бірлесіп, тексеру жұмыстары жүреді. Ассоциация өкілдері мен бірге экологиялық қоғам белсенділерінен құрылған топ тексеріс жұмыстарын қадағалайды.

Бірақ алдын ала алған мәліметке қарағанда бұл қалада ауаның ластануын қадағалайтын тұрақты мониторинг жүйесі жоқ. Сондықтан алыста отырып, жағдайдың қаншалықты күрделі екенін бағамдай алмаймыз. Осыған байланысты болашақта бұл жағдайды, ауа сапасын қадағалап отыру үшін экодатчиктерді орнату бойынша өз пікірімді айтамын. Тиісті министрлік пен «Казгидромет» бұл мәселені шешуге көмектеседі деп ойлаймын. Қабылданған шаралар туралы ақпарат әлеуметтік парақшаларға жарияланып отырады», - деп жазды Әлия Назарбаева.

МӘЛІМ КЗ сайты Алматы облысына қарасты Жаркент қаласындағы экологиялық жағдай туралы жазған болатын. Сайтымыздың Алматы облысындағы тілшісі Берік ЖАНАТХАНҰЛЫ арнайы барып «Жаркент әжетханаға айналды» деген материал жариялаған.

Жаркенттіктер жаз шыға жағымсыз иіске тұншығатындарын айтқан-ды. Оған себеп крахмал-сірне зауытының жұмысын тоқтатуды талап еткен. Бұл проблема жыл сайын БАҚ-да айтылып та келе жатар. Қала халық сегіз жылдан бері әбігерге салып келе жатқан крахмал-сірне зауытының иесі Закиржан КУЗИЕВ. Ол бір жылдары үздік кәсіпкер атанып, президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Алтын сапа» сыйлығын иеленген.

Фото: yandex.kz

 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды