Мамин депутаттармен келіскен жоқ

  • 31.07.2020
  • Malim Админ

Премьер-министр Асқар Мамин депутаттардың спорт саласына қатысты сұрақтарына жауап берді.

«Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (бұдан әрі - Комитет) деректері бойынша 2016 жылда - 3 550 788 мың теңге, 2017 жылда - 4 613 603 мың. теңге, 2018 жылы - 8 917 137 мың. теңгені құраған, бірақ біздің ақпарат бойынша, «Астана» футбол клубының бір жылдық бюджеті 12 млрд. теңгені құрайды, бұл Комитет ақпараты шындыққа сәйкес емес» деген Мәжіліс депутаттары С. Қаныбеков, Н. Әлтаев, У. Қайназаров, А. Смағұлов Асқар Маминге депутаттық сауал жолдаған.

«Қаржыландыру көлеміне қарамастан футбол клубтарында ойыншыларға жалпы алғанда 13,5 млрд. теңге қарыздары бар. Әсіресе үлкен суммадағы қарыздар келесі клубтарда байқалады: Павлодар облысы бойынша - 3,6 млрд., Акмола облысы бойынша - 2,9 млрд., Ақтөбе облысы бойынша - 1,08 млрд. теңге, Шымкент қаласы бойынша кредиторлық қарыз 4,5 млрд теңге. Жыл сайын спорт және дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органымен легионерлерді қысқарту саясаты жүргізіледі, дегенмен олардың сандары қысқартылмайды. Мысалыға, Шымкент қаласында - 11 легионер, Алматы қаласында - 10, Нұр-Сұлтан қаласында - 9, Ақтөбе, Алматы, Атырау, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, СҚО 8 легионерлерден», – дейді мәжіліс депутаттары.

Осынша ақшаның шығынына байланысты депутаттар «Шетелдік мамандар мен спортшыларды тарту тәжірибесінен бас тартуды» ұсынды.

Премьер-министр Асқар Мамин өз жауабында керісінше легионерлерді шақыру тиімді деп отыр.

«Жоғары білікті шетелдік сарапшылар мен атлеттерді дәлдеп шақыру тәжірибесін жалғастыру қажет деп санаймыз. Бұл ретте басымдықты ұлттық кадрларды даярлауға беру тиіс. Шетелдік маманды немесе атлетті ұлттық құрама командаларға шақыру туралы шешімді бас мемлекеттік жаттықтырушылар мен спорт федерацияларды тыңдаудың қорытындылары бойынша Ұлттық Олимпиада комитеті қабылдайды. Кәсіби клубтар шетелдік сарапшылар мен ойыншыларды өз федерациясының регламентіне сәйкес шақырады. Кәсіби футболда легионерлерді шақыру лимиттерін Қазақстан футбол федерациясы (бұдан әрі ‒ ҚФФ) анықтайды. ҚФФ регламентіне сәйкес Еуразия экономика одағына кірмейтін елдердің азаматтары легионерлер болып саналады. Қазақстан Премьер-лигасының командалары 8-ден артық емес легионерді шақыра алады, сондай-ақ жергілікті ойыншылар үшін 12 орынды сақтап қалуға міндетті. Шетелдік футболшыларға қатысты қолданыстағы лимит тиімді және өз дарындарын тәрбиелеу мен қойылған спорттық міндеттерді орындау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – дейді Асқар Мамин.

Премьер-министр сонымен қатар, футбол клубтарының қаржыландыруы байланысты cауалға да жауап берген. Отандық футбол клубтарының көпшілігі жергілікті бюджет есебінен күн көреді екен. 2019 жылы әкімдіктер футболды қолдауға 34 млрд. теңге жұмсапты. Кейбір клубтарды ұлттық компаниялар немесе жеке меншік иелері қаржыландыратын көрінеді. Мысалы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2019 жылы «Астана» ФК-н дамытуға шамамен 10 млрд. теңге бөлген.

«Сонымен қатар, көптеген өңірлерде спорт шығындарының басым бөлігі футболдың үлесіне тиеді. Айтарлықтай нәтижелердің жоқтығына қарамастан, әкімдіктер футбол клубтарын перспективалары жоғары спорттың түрлерінен артық қаржыландырады. Коронавирус пандемиясы басталғанға дейін 2020 жылы жергілікті атқарушы органдардың спортқа тиесілі бюджетінің 22 % футболға жұмсау жоспарланды. Спорт саласындағы теңдестірілмеген шығындар мәселесін шешу үшін Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі − Министрлік) 2017 жылы Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын (бұдан әрі ‒ Қағидалар) бекітті, олар спорт түрлерін үш санатқа жіктеді: «А», «В» және «С». Республикалық деңгейде рейтингті Министрлік, өңірлік деңгейде әкімдіктер қалыптастырады. Соңғы саралауға сәйкес футбол «С» санатына жатады, яғни төмен әлеуетке ие. Саралауды енгізу спорт саласында теңдестірілген бюджеттік салымдар түрінде оң нәтиже берді. Алайда, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында спортқа арналған шығыстардың 20%-нан астамы әлі күнге дейін футболдың үлесіне тиесілі», – дейді Асқар Мамин.

 

Байланысты жаналықтар

Бес жылда 85 мектеп салынбақ

08.04.2021

Шымкентте тұрғындардың цифрылық сауаттылығын артырмақшы

18.05.2021

Шымкент әкімі үздік ұстазды марапаттады

16.03.2021

Қашықтан оқыту: Оқушылар БЖБ мен ТЖБ-ны қалай тапсырады?

09.04.2020

ЖОО-ларды лицензиясынан айыру ғылымға қалай әсер етеді?

28.08.2020

Әйел құқығын қорғау үшін БҰҰ жанынан банк құруды ұсынды

02.10.2020