Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Әлеумет

Дулат Ағаділдің асына бармақ болған белсенділерді жаппай қамап жатыр

malim Авторы: malim
05.08.2020
Share on FacebookShare on Twitter

8 тамыз күні марқұм Дулат Ағаділдің отбасына достары асарлатып салып берген үйдің қоныс тойына бармақ болған белсенділер жаппай ұсталып жатыр. Жаз айларында Дулат Ағаділдің достары, азаматтық белсенділер бірігіп марқұмның артында қалған алты балаға асарлатып үй салып берген еді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Дулат Ағаділдің ұлы Нұрболат Ағаділ 8 тамыз күні әкесінің аруағына Құран бағыштап, ас берілетінін хабарлаған. “Әкем қаза тапқалы бері жаназасын, жетісін, қырқын, жүздік ас беру шараларын дұрыс өткізе алмадық. Сол себепті 8 тамыз күні Талапкер ауылында ас өткіземіз”, – деген.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина 8 тамыз қарсаңында еліміздің түкпір-түкпіріндегі белсенділер ұсталып жатқанын мәлімдеді. Құқық қорғаушының есебінше, кемі 27 белсенді “бейбіт жиын мен шеру өткізу және ұйымдастыру тәртібін бұзу” бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, бестен он бес тәулікке дейін қамалған. Құқық қорғаушы әлеуметтік желідегі парақшасында қамалған 27 адамның аты-жөнін жариялаған.

“Жақында белсенділер Талапкер ауылында жиналып, Дулат Ағаділге ас берген. Белсендінің басына барған, Құран оқыған. Сол шараны телефонға түсірген. Жүз шақты адам жиналыпты.  Енді билік сол 100 адамды тауып, 8 тамыз күнгі қоныс тойға барғызбау үшін қамап жатыр. Зейнет жасындағы белсенділерді әкімшілік қамауға алуға болмайды, оларға айыппұл салып жатыр. Енді бір белсенділер есік алдында полиция жүргендіктен, аулаға шыға алмай отыр. Билік қоныс тойға баратын белсенділерден қорыққан шығар”, – дейді Б.Төреғожина.

 

Tags: азаматтық белсендібелсенділерДулат Ағаділқұқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина

Ұқсас жазбалар

Жұмағали Маханов пен Бекжан Тұрыс

Жұмағали Маханов: «Бекжанға таңғалам, Бақытжанмен сырласам»

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
17.04.2021
0

­«Алдыңғылардың әңгімесінде» қонақта Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының актері Жұмағали  Махановпен сұхбаттасқан едік. Сахнаның қыр-сырын...

Есенғали Раушанов

Есенғали планета боп кеткен жоқ па осы…

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
16.04.2021
0

16.04.2021. Адам тірі кезінде түскен әдемі суреттері өлген соң неге мұңлы бола қалады екен... Бір кездері жарқылдаған көзқарасы да қош...

Есенғали Раушанов қайтыс болды

Авторы: malim
16.04.2021
0

Ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов қайтыс болды. Бұл туралы ақын Ақберен Елгезек Facebook парақшасында жазған. "Қадірлі ағайын!...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда мектеп формасы уақытша алынды

20.07.2020
АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин

Коронавирус Қытай мен АҚШ бәсекесінен пайда болған

16.04.2020
Қазақстандағы карантинге байланысты қойылған блокпосттардың бірі. Фото: 24.kz

Бекшин Алматыда қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтты

15.03.2021

Тұрғымбаев Қасымовқа қарсы ма?

15.05.2020
Көрнекі суреттерден коллаж: Malim.kz

Қазақтар карантин кезінде 5 мың доллар алса, қайтер еді…

16.05.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!