«Цензураға қарсымыз!». Белсенділер митингке шықты

Бұл шешімдердің артында цензураны күшейту мен әлеуметтік желіні шектеу тұр.

Malim Админ

  • 02.04.2022

 Елордалық журналистер, қоғам белсенділері мен блогерлер, қала тұрғындары  әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы заңнамаға қарсылық білдіріп, митингке шықты. Билікке датын айтуға келген көпшілік "астаналық цирктің" алдына жиналды. Әкімдік рұқсат еткен жиынға келушілер  «Қазақ деген – еркін», «Еркіндік, бауырмалдық, теңдік». «Цензураға жол жоқ!» сынды ұрандар көтеріп, депутаттарды қайта ойлануға шақырды.  


Пікірін ашық айтуды көздеген халық  «Сарым мен Зәкиеваның түзетуі» деп аталған нормаларға қарсы. Айта кетейік, жақында мәжілісмендер буллингке тосқауыл қоюды көздейтін заң жобасын мақұлдаған. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқығын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент Сенатының қарауына түскен болатын. 
Қоғам белсенділері заң жобасы елде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қолдануға шектеу енгізуге мүмкіндік береді деп дабыл қағып отыр.  Бұл түзетулер қабылданар болса Facebook, Instagram, Youtube, Telegram, Whatsapp және өзге де желілердің Қазақстан ғаламтор кеңістігінде жұмыс істеуі шектеледі.

Митингке қатысушылар 

Құжатта қоғамға қажет және өзекті түзетулер бар болғанымен, бұл әрекет басқа пиғылмен жасалып отыр. Мұндай шешімдердің артында цензураны күшейту мен әлеуметтік желіні бақылауды арттыру тұрғаны анық дейді митингке қатысушылар. 
Қоғам белсендісі Насима Қорғанбекова митингке екі баласымен  бірге келген. «Депутаттар қауіпті контентті өшіру мүмкіндігін беретін заң жобасын ұсынып жатыр. Заң жобасының бастамашылары мұны балаларды кибербуллингтен сақтау үшін қажетті шектеулер екенін айтты. Бұл өз кезегінде біздің ақпарат алуға құқығымыз шектеп, пікір еркіндігіне тосқауыл қояды. Заңның өкілдері балалардың тасасына тығылып, өз дегенін жасауға болмайды. Google-дың соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстан биліктің контентті жою туралы өтініштерінің 40 пайызы билік өкілдерін сынауға, тағы 40 пайызы қауіпсіздікке және 4 ғана пайызы дискриминацияға қатысты. Сондықтан бұл өзгерістердің көздегені басқа» дейді ол.  

 Өзін Рафик деп таныстырған белсенді бірнеше жыл мектеп оқушыларымен жұмыс істегенін айтады. Жұмыс барысында, балалармен тығыз қарым-қатынас жасағандықтан олардың көпшілігі буллингке жиі ұшырайтынын байқаған. Оның айтуынша, ғаламтордағы әлімжеттікті бұл заң жобасы тоқтата алмайды. «Депутаттар халықты ойлайтын болса, несиесін өтей алмай жүрген жандарға көмектесетін немесе көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын түзетуге арналған  заңдар неге қабылданбайды? Қазақстанда 167 адамның ғана мүддесін қорғайтын заңдар қабылданады. Бұған жол берілмеуі керек» деген пікірін жиылғандармен бөлісті, ол.   
Белсенді Гүлзада Сержан митингке Алматыдан келіпті. Ол  көпшілікпен бірге заң жобасының қабылдануына жол берілмеуі керектігін айтады. 
«Бұлай біздің дауысымызды басқаннан мәселелеріміз шешіліп кетпейді. Жас балалардың өмірін алдыға шығарып, солар үшін біз жағдай жасап жатырмыз деп бізді алдап, халықты бала санауды қою керек. Бұл заң балаларды қорғау үшін жасалып жатқан сияқты,  оның негізгі мақсаты – аузымызға қақпақ болу. Бұл ұрылардың ұрлығын жасыру үшін жасалған әрекет. Дегенмен, балалы үйде ұрлық жатпайды. Біз бәрібір теріс пиғылды сеземіз. Сондықтан, мұндай заңды қабылдап, демократиялық ел болуға жасалған ұмтылысты тежеу қажет емес. Бұлайша халықты құқығынан айырмаңыздар. Сарым және Зәкиева сіздер сайланбаған депутатсыздар. Сіздер Қазақстан халқының болашағына балта шаппаңыздар», деді. 

Митингке жиналған халық 

Митингке қатысушылар әлеуметтік желілерді Қазақстанда саяси ахуалға араласу құралы ретінде, коммуникация  үшін, кәсібін жасауға қолданатынын жеткізді.  Айтуынша, бұл еліміздің әлем қауымдастығына адам құқығын сақтайтын мүше ретінде интеграциясына ғана соққы емес, сонымен қатар, ел экономикасына айтарлықтай қауіп төндіруі ықтимал.   
Мұхаммед есімді заңгер де кибербуллинг заңына байланысты қосымша өзгерістердің енгізілуіне қарсылық білдірді.  

«Неге десеңіз, заң ең алдымен әлеуметтік желілерді бақылайтын заңды тұлғалардың болуын талап етеді. Екіншіден, мысалы бала құқығы әлеуметтік желіде бұзылатын болса, заңды тұлға сол ақпаратты 24 сағат ішінде алып тастауы керек. Егер де алынбайтын болса желілерді бұғаттайды. Үшіншіден, әлеуметтік желілер көптеген азаматтың күн көріп отырған орны. Көмекке мұқтаж адамдарға жәрдем берілетін жер. Қазір  қазақстандықтардың көпшілігі әлеуметтік желілер арқылы көмек жинайды. Осы заң қабылданса кедергілер болады, азаматтар күнкөріссіз қалады. Тағы бір мысал Ресейде болып жатқан жағдайға қатысты. Оларда 2020 жылы буллингке қарсы заңды қабылдады. Осыны пайдаланып, Кремль көптеген әлеуметтік желіге шектеу қоюда. Бұл жағдай Қазақстанға да келуі мүмкін. Қазір онлайн-платформалар өзінің тиімді құралдарымен балаларды қорғау үшін заңсыз контентпен күреседі. Экстремистік және осыған ұқсас заңсыз контент биліктің қатысуынсыз, яғни, платформалардың ішкі ережелеріне сәйкес бірден жойылады. Цифрлық қылмыспен күресу Қазақстанның қолданыстағы заңнамаларында бар», дейді заңгер.   

Естеріңізге сала кетейік, жақында тәуелсіз журналистер Сенаттан заң жобасын Мәжіліске қайтаруды, сонымен қатар, ҚР Құқық қорғау ұйымдарымен, мемлекеттік емес БАҚ өкілдерімен және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен заң жобасын міндетті түрде қайта түзеуді талап еткен. «Заң жобасы осы қалпында қабылданса – біздің қоғам бірнеше жылға артқа кетері сөзсіз. Бұған қоса, экономикалық және саяси  тұрғыдан шеттетілген мемлекеттермен бір қатарда болу қаупі бар» дейді азаматтық қоғам өкілдері. 


О.Әбіл 

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгереді

01.05.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгереді

№ 18, 27, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді