457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тбилисиде жаппай наразылық тәртіпсіздікке ұласты

Грузия астанасы Тбилисиде жаппай наразылық акциялары өтіп, олар зорлық-зомбылыққа ұласты, деп хабарлайды Malim.kz.

Reuters дерегінше, сенбі күні елордада жергілікті сайлау күні өтіп жатқан ауқымды демонстрация барысында грузин полициясы президент сарайының алдына жиналған наразыларды тарату үшін бұрышты газ бен су атқыштарды қолданған.

Белгілі болғандай, оппозиция өкілдерінің кейбірі билеуші «Грузин арманы» партиясына қарсы «бейбіт революция» жасауға шақырғаннан кейін, наразылардың бір бөлігі президент сарайына басып кіруге тырысқан. Олар аталған партияны авторитарлық билік жүргізіп, Ресейге бейім саясат ұстанды деп айыптайды

Өткен жылдан бері елдегі батысшыл оппозиция «Грузин арманының» сайлаудағы жеңісін заңсыз деп санап, тұрақты түрде наразылық акцияларын өткізіп келеді. Сол сайлаудан кейін билеуші партия Грузияның Еуропалық одаққа қосылу жөніндегі келіссөздерін тоқтатып, елдің басты ұлттық мақсатына жету үдерісін тежеген.

Agence France-Presse (AFP) хабарлауынша, билік акция қарсаңында «революция жақтастарын» қатаң жауапқа тартатынын ескерткен.

Наразылық кезінде Грузия мен Еуропалық одақтың жалауларын көтерген ондаған мың адам Тбилисидегі Еркіндік алаңына жиналып, ұйымдастырушылар «ұлттық жиын» деп атаған шарада билікті бейбіт жолмен оппозицияға тапсыруды талап етті.

Фото: AP Photo / Zurab Tsertsvadze