457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Грузия үкіметі ЕО елшісін тәртіпсіздіктерді қолдады деп айыптады

Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзе ел астанасындағы тәртіпсіздіктер үшін Тбилисидегі Еуропалық одақ елшісі Павел Герчинскийді жауапты деп санады, деп хабарлайды Malim.kz vedomosti.ru сайтына сілтеме жасап.

Кобахидзенің айтуынша, елшінің міндеті — наразылық акцияларын қатаң айыптау болған, алайда ол керісінше, кейбір шетелдік өкілдермен бірге елдегі конституциялық құрылымды құлатуға бағытталған әрекеттерді «тікелей қолдаған».

Тбилисидегі жаппай наразылықтар 4 қазанда басталған. Қақтығыстар салдарынан 14 полиция қызметкері жарақат алды. Грузия ІІМ тәртіп сақшыларына шабуыл, билікті күшпен өзгертуге шақыру, мүлікті бүлдіру және стратегиялық нысанды басып алуға талпыныс деректері бойынша қылмыстық іс қозғады.
Еске сала кетейік, 4 қазанда Грузия астанасы Тбилисиде жергілікті сайлау күні президент сарайының алдында үкіметке қарсы жаппай наразылық шеруі өтті.

Фото: freepik.com