457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Грузиядан экстрадицияланған сотталушыдан мемлекет шығыны өндірілді

Борышкерден барлық шығын толықтай мемлекет пайдасына өндірілді. Бұл туралы Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Халықаралық іздеуде жүрген сотталушы 2024 жылдың шілде айында Грузия Республикасында ұсталып, Қазақстанға экстрадициялау барысында мемлекет бюджеті есебінен 1,7 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған, — делінген ақпаратта.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотымен Әл-Фараби ауданы прокуратурасының шығынды өтеу туралы талабы толық қанағаттандырылды.

— Бүгінгі таңда қозғалған атқарушылық іс жүргізу құжаты негізінде борышкерден барлық шығын толықтай мемлекет пайдасына өндірілді, — делінген Шымкент қаласы прокуратурасы хабарламасында.

Фото:   Kazinform