Михаил Кавелашвили Грузия парламентінде президенттік ант қабылдады

Оның ант қабылдау рәсімі өте қарапайым өтті

Мәди Саматұлы

  • 29.12.2024

Михаил Кавелашвили жексенбі күні Грузия парламентінің сессия залында «Грузин арманы» партиясы өкілдерінің қатысуымен президенттік ант қабылдады. Ngnewsgeorgia жазуынша, бұл уақытта Грузияның бесінші президенті Саломе Зурабишвили өзінің Атонели көшесіндегі резиденциясында бұл рәсімді фарс деп атады және ол жаңа сайлаулар өткенге дейін заңды президент болып қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Кавелашвилидің инаугурациясы жарты сағаттан астам уақытқа созылып, парламенттің сессия залында өтті. Бұған дейін президенттердің инаугурациялары тек заң шығарушы органның ауласында, көпшілік қонақтардың қатысуымен өтетін.

Рәсімге шетелдік елшілер мен сыртқы қонақтар шақырылмаған.

Шараға сайлау комиссиясының мүшелері, депутаттар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, Аджария мен Абхазияның жоғары кеңестерінің мүшелері, Грузия үкіметінің мүшелері, конституциялық органдар мен Грузияның православ шіркеуінің өкілдері қатысты. Парламент сарайына сондай-ақ, «Грузин арманы» партиясының негізін қалаушы және құрметті төрағасы Бидзина Иванишвили де келген.

Кавелашвили антты өзіне арнап арнайы басылған Конституция нұсқасына қол қойып қабылдады.

Кавелашвилиге қатысты мынадай қызықты деректерді айта кетуге болады. Ол тікелей дауыс беру арқылы сайланған жоқ. Конституцияға сәйкес, Грузия президентінің тікелей сайлаулары енді болмайды. Ал 14 желтоқсанда Кавелашвили президент болып сайланғанда оған оппозиция қатысқан жоқ. Сайлауда одан басқа кандидат болмай, жалғыз өзі қатысып, жеңіске жетті.

Бұрынғы футболшы Тбилисидегі «Локомотив» клубында ойнап бастаған. Кейін «Динамо» клубына өтіп, сол клубпен 6 рет Грузия чемпионы атанған. Жалпы футболшы ретіндегі жолы 2004 жылға дейін жалғасқан.

2015 жылы ол Грузия Футбол федерациясының президенті болуға кандидат болуды жоспарлаған, бірақ жоғары білімі болмауына байланысты сайлауға қатыса алмаған.

Фото: бейнежазбадан скриншот

Байланысты жаналықтар

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

31.03.2025

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

29.03.2025

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

28.03.2025

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

25.03.2025

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

24.03.2025
MalimBlocks
"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

"Назарбаев Университеті" президенті Ахмад Вакарға үкімет жанындағы құрылымнан лауазым беру туралы шешім қабылданды

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

29 наурызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

Александр Лукашенко жетінші рет​​​​​​​ Беларусь президенті қызметіне кірісті

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп Колорадо штаты Капитолийінде ілінген өзінің портретін сынап тастады