Полиция белсенділерді Қытай консулдығына жібермеді

Malim Админ

  • 15.03.2021

Алматыда 36 күннен бері наразылық акциясын өткізіп жатқан белсенділерді полиция Қытай консулдығына жібермеді.

Наурыздың 15-і күні Алматыдағы Қытай консулдығы алдына қарсылық акциясына шықпақ болған бір топ белсендіні полиция консулдыққа жібермеді. Белсенді Байболат Күнболаттың сөзінше, полиция қызметкерлері наразылыққа шыққан аналарға ешнәрсе деп түсіндірместен жолдарын бөгеп, акция орнына жібермеген.

«36 күннен бері Қытайда қамауда отырған туыстарды босатуды талап етіп келе жатқан аналарды полиция бөгеп, консулдыққа жібермеді. Полиция қызметкерлері ешқандай себепсіз, карантинді сылтауратып жолды бөгеді. Бұл кісілер әлеуметтік арақашықты сақтай отырып, өздерінің наразылығын білдіруге келген. Полиция бөгет жасаған кезде Халида апамыздың қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем келді», - дейді Күнболат.

Белсенділер бір айдан астам уақыттан бері Алматыдағы Қытай консулдығы алдына наразылық акциясына шығып, Қытайда қамауда отырған туыстарын босатуды, хабарсыз кеткен жақындарымен тілдестіруді талап кетуде. Бұған дейін, Сыртқы істер министрлігі консулдық алдындағы қарсылыққа байланысты туыстарын іздеген адамдардың арызын қарау бойынша Қытай тарабына өтініш айтылғанын мәлімдеген.

Наурыздың 12-і күні «Отандастар» қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов консулдық алдындағы наразылықты «саяси мәселе» деп атап, «қор оған араласа алмайтынын» айтқан.

8 наурызда Алматыдағы «Salut Hotel Almaty» қонақүйінде Оспан батыр ұрпақтары бастаған бір топ азамат баспасөз мәслихатын өткізіп, Қытайда қамауға алынып, қудаланып, сотталған туыстарына Қазақстан билігінен араша сұраған.

 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті