Еуропарламент депутаты Қазақстанға санкция салуды ұсынды

Malim Админ

  • 12.02.2021

Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы саяси жағдайды қатаң сынап, санкция енгізуді ұсынды.  

Еуропарламент пленарлық отырысында «Қазақстандағы адам құқықтары мәселесіне қатысты» арнайы резолюция қабылдады. Онда соңғы уақыттары тәуелсіз ұйымдар мен саяси белсенділерге қысымның күшейгені, 10 қаңтарда өткен парламент сайлауында сайлау және сайлану құқығы болмағаны жөнінде айтылған.

Еуропарламент қабылдаған құжатта «Көше партиясы» мен «ҚДТ»-ға қатысы бар деп айыпталып, сотталған 26 адамның аты аталған. Олардың ішінде Алмат Жұмағұлов, Әсет Әбішев, Кенжебек Әбішев, Асхат Жексебаев, Қайрат Қылышев, Ербол Есхожин, Абай Бегімбетов, Еркін Сабаншиев және т.б бар.

«Көше партиясы» және «ҚДТ» оппозициялық ұйымдары құпия сот шешімдері негізінде экстремистік ұйым деп танылған», - делінген резолюцияда.

Резолюцияда тіркелмеген оппозициялық «Демократиялық партия» жөнінде де айтылған.

«Тіркелмеген оппозициялық «Демократиялық партияға» сайлауға қатысуға мүмкіндік берілмеді. Алматыда 2020 жылдың 22 ақпанында билік олардың партия құрылтайын өткізуіне кедергі жасады. «Демократиялық партия» биліктің қысымына ұшырап, кейбір мүшелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейбіріне құрылтайға келуге мүмкіндік берілмеді», - делінген құжатта.

Бұдан бөлек, Еупопарламент депутаттары 2020 жылы тереу изоляторында жұмбақ жағдайда қайтыс болған белсенді Дулат Ағаділдің қазасы мен оның ұлы Жанболат Ағаділдің өлімін тексеру мәселесін көтерді. Депутат Ева Божена Копач былтыр «құзырлы органдар қысымдарынан кейін қайтыс болған» саяси белсенділер Аманбике Хайрулла, Серік Ораз және Ғарифулла Ембергенов жөнінде мәлімдеме жасады.

«Билік бұл өлімдердің ашық, әділ тексерілуіне кедергі жасап отыр. Бірде-бір қылмыскер жауапқа тартылған жоқ», - деді Копач.

Ал депутат Виол фон Крамон-Таубадель: «30 жыл бұрын Қазақстанның демократиялық мемлекет болып, ел халқы өмір сүруге лайықты құқықтарға ие болады деген үмітті Нұрсұлтан Назарбаев диктатурасы басып-жаншыды», - деп мәлімдеді.

Еуропарламенттің тағы бір депутаты Хейди Хаутала: «Қазақстанда болып жатқан саяси қысымдарға тікелей ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты» екенін айтты.

«Президент Тоқаев азаматтық қоғам өкілдерін қудалауға, жаппай қамаулар мен оппозиция мүшелерін басып-жаншуға тікелей жауапты. Қазақстан билігін жауапқа тартатын уақыт жетті. Бізде адам құқығына қатысты жаһандық санкция режимі бар. Соны қолданайық», - деді депутат.

Резолюцияны қабылдау барысында оған қарысы шыққандар да болды. Депутат Тьерри Мариани резолюцияны қабылдау арқылы «аймаққа үлгі болып отырған Қазақстанға шабуыл жасағауға болмайтынын» айтты.

«Бұл (Қазақстанға қатысты резолюция – ред) Өзбекстан таңдаған жолмен жүруге талпынып жатқан аймақтағы өзге елдерге жағымсыз әсер береді», - деді Мариани.

Еуродепутат Максимиллиан Крах резолюцияны «Еуропаның үшінші бір елдерге нотация оқуы» және «лоббилік жұмыстың нәтижесі» деп атады. Ал Татяна Жданока «Қазақстанға адам құқықтары мәселесінде көп жұмыс істеу керек» екенін айта келе, "қазір еуроблоктың өзінің ішінде адам құқығы мәселесі мәз емес" екенін мәлімдеді.

Жалпы, резолюцияға қатысты пікірталас 50 минутқа созылды. Оған 693 депутат қатысқан. Оның 598-қолдап, 43-қарсы, 52-қалыс қалған. Бұл 2009 жылдан бері Еуропалманеттің Қазақстанға қатысты қабылдаған 5 резолюциясы.

 

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

19.11.2024

Сербия сарайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

19.11.2024

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

16.11.2024

Қарин: Еліміздегі жан-жақты реформалар жалғасын табады

15.11.2024

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

13.11.2024

Тоқаев еміме көп ақша берді - Жүрсін Ерман

13.11.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Сербия сарайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Қазақстан рейтингін сыртқы буферлер ұстап отыр

Қарин: Еліміздегі жан-жақты реформалар жалғасын табады

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

Құжат Еуропа елдері мен басқа да нарықтарға жол ашады

Тоқаев еміме көп ақша берді - Жүрсін Ерман

Ақынның Швейцарияға баруына мемлекет басшысы көмектескен