ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабаламада.
Сондай-ақ, президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылғанын атап өтті.