freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбедегі әкімдік өртінен келген шығын 90 млн теңге болды

Қоғам
Ақтөбедегі әкімдік өртінен келген шығын 90 млн теңге болды
Фото: ТЖМ

Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимаратының шатыры жанғаннан кейін келтірілген шығынның алдын ала бағасы аяқталды. Сарапшылар нақты соманы атады, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, шығын шамамен 90 миллион теңге болған.

«Алдын ала бағалау бойынша, жалпы материалдық шығын көлемі шамамен 90 миллион теңге. Қалпына келтіру жұмыстары Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар резерві есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарын арнайы мамандандырылған компания жүргізеді, бұл қалпына келтірудің барлық кезеңінде жеделдік пен сапаны бақылауды қамтамасыз етеді», — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өрттің нақты себептері анықталып жатыр. Бұған дейін мамандар алдын ала себеп ретінде электр сымдарының қысқа тұйықталуын атаған.

Ақтөбе облысы әкімдігінде нақтылағандай, өрт толық сөндірілгеннен кейін бірден қалпына келтіру жұмыстары басталған. Өрт-техникалық және электротехникалық сараптамаларды қоса алғанда, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, облыс әкімдігі ғимаратындағы өрт 7 сәуір күні сағат 20:21 шамасында Ақтөбедегі Әбілқайыр хан даңғылында болған.

Өрт аумағы 300 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау бір сағатқа жетпейтін уақытта оқшауланып, 21:52-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу