freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Спорт
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды
ҰОК

10 мамырда Гандинагар қаласында (Үндістан) ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған байрақты бәсекеде ел намысын төрт спортшы қорғайды. Олардың қатарында Петр Хребтов (79 кг), Әлібек Рахымберді, Александр Уваров (88 кг), Сұлтан Мейрам (110 кг)

Айта кетейік, құрлық біріншілігі 17 мамырға дейін жалғасады.

Бұған дейін садақ атудан Шанхайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандықтар тізімі шыққан болатын. Аталған ірі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы сапында 15 мерген бақ сынамақ. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу