Қазақстан құрамасы стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның ішінде отандық спортшы Әсем Орынбай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол әйелдер арасындағы "скит" жаттығуында топ жарды.
Финалда қазақстандық спортшы 33 ұпай жинады. Осы нәтижемен Әсем Орынбай биыл командаласы Адель Садақбаева тіркеген әлем рекордын қайталады.
Қытайлық Итин Цзян 30 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал Италия өкілі Мартина Бартоломей 27 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Алматыдағы Әлем кубогы кезеңі 4 мамырда басталды. Жарыс Александр Асанов атындағы ату клубында өтіп жатыр және 11 мамырға дейін жалғаспақ.