freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскемен зауытындағы апат: қауіпті аймақта 32 адам жұмыс істеген

Оқиға
Өскемен зауытындағы апат: қауіпті аймақта 32 адам жұмыс істеген
ҚР ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Рашид Біләлов «Қазцинк» зауытындағы қайғылы оқиғаға қатысты толық мәлімет берді. Бұл туралы Malim.kz Yk.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Департамент басшысының айтуынша, 112 пультіне хабарлама таңғы сағат 8:30-да түскен. Онда жарылыс болғаны туралы ақпарат жеткізілген.

«Қызметкерлеріміз оқиға орнына жеткен кезде цехтың қирағанын және құрылымдардың жанып жатқанын анықтады. 77 адамнан тұратын жеке құрам жұмыс істеп, үйінділер аршылды және өрт сөндірілді», – деді ол.

Бас құтқарушының нақтылауынша, жарылыс ошағында үш адам болған: аға шебер және екі жұмысшы. Олардың екеуі қаза тапқан. ТЖД қызметкерлері оқиға орнынан зардап шеккен бес адамды эвакуациялап, екі адамның денесін шығарған.

Белгілі болғандай, қауіпті аймақта 32 адам жұмыс істеген. Екі адам қаза тауып, бесеуі жарақат алған. Рашид Біләловтің мәліметінше, қалған қызметкерлер түгел есепке алынып, барлығы орнында екені анықталған.

Сондай-ақ ол оқиғаның нақты себептерін анықтайтын арнайы тергеу комиссиясы құрылатынын хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу