freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Көзіне дейін күйген»: Өскемендегі «Қазцинк» қызметкерінің денесін 90 пайыз күйік шалғаны белгілі болды

Оқиға
«Көзіне дейін күйген»: Өскемендегі «Қазцинк» қызметкерінің денесін 90 пайыз күйік шалғаны белгілі болды
ТЖМ

Бүгін «Қазцинк» зауытындағы жарылыс кезінде жараланған екі қызметкердің жағдайына қатысты мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Олардың біреуінің денесінің 90 пайызын күйік шалған көрінеді. Бұл туралы  Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған медициналық орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Мұрат Нұрбикенов айтып өтті. 

Оның айтуынша, ауруханаға алғашқы қоңырау «103» қызметкерлерінен түскен.

«Таңғы сағат 08.30-да жедел жәрдемнен біздің ауруханаға қоңырау түсті. Олар жаппай жараланғандарды әкеле жатырмыз деді.  Таңғы 08.40-да аурухананың қабылдау бөлімінде шұғыл бригада құрылды. Оның ішіне реаниматолог, травматолог, комбустиолог кірді. Алғашқы жараланғандар 08.45-те түсе бастады. Бірінші 5 адам түсті. Оның төртеуі ер адам, біреуі – әйел адам. Оларды толық тексеруден өткізіп, қан сараптамаларын алдық. Үшеуінің жарақаты жеңіл болған соң, оларды үйіне қайтардық, қалған екеуін жатқыздық. 1980 жылы туған бір ер адамның жағдайы аса ауыр, оның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Оның терісі, ішкі органдары мен өңеші және көзіне дейін күйіп кеткен. Шок жағдайында түсті. Оған шұғыл көмек көрсеттік. 1974 жылы туған тағы бір ер адамның омыртқасы сынған. Оны травматолгия бөліміне жатқыздық», - дейді ол.

Мұрат Нұрбикеновтің айтуынша, дәл осы орталыққа басқа жараланғандар түспеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу