Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан аймақтағы хай-тек хабқа айналуға қабілетті ме?

Аналитика
Қазақстан аймақтағы хай-тек хабқа айналуға қабілетті ме?
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Digital Bridge 2025 форумы кезінде © Ақорда

Елімізде - мезетте банк картасын шығарып алу, электронды кезектер, цифрлық құжат айналымы тұрмыс шындығына айналды. Сарапшы Дәурен Сәкен мемлекетіміздің, кезінде “табалдырық тоздырғанша, пернетақтада зырылда!” деген ұранмен бастаған цифрландыру науқаны нәтижесін беріп жатыр деген пікірде.

“Цифрландырудың арқасында небәрі он - он бес жыл бұрын үйреншікті болған ХҚКО-лардағы “бармақ басты - көз қысты” әрекеттерді ұмыттық десек те болады. Айталық, 2010 жылдары ХҚКО-лар елімізде парақорлық деңгейі өршіп тұрған мемлекеттік мекемелердің алды болатын. Қазір мысалы, “мекен-жай анықтамасы” үшін қандай да бір қызметкердің пара дәметуін елестетудің өзі қиын”, -

дейді ол.

Сарапшы осылайша, еліміздің жаппай цифрландырудың мультипликативтік әсері болғанына нұсқайды. Себебі, меморгандарға ұзын-сонар кезекті былай қойғанда, парақорлық сияқты келеңсіздіктер де айтарлықтай азайып отыр.

Жасанды интеллект - жаңа тренд

Жасанды интеллект дамуға мүдделі елдердің айналыспасқа амалы жоқ бағытына айналып отыр. Бұл сала әлем экономикасын адам танымастай өзгертеді, әрі - адамзат дамуының жаңа кезеңі делініп жүр.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллекте арнайы министрлік құруының өзі - мемлекетіміздің осы саладағы әлемдік жарыс жолына түскенін көрсетеді. Шынымен, тіпті ғылыми жаңалық ашудың өзі автоматтандырылуы мүмкін заманда бұл бағытта кішкене кешеуілдеудің өзі еліміздің айтарлықтай артта қалуына әкеліп соғуы мүмкін. Мемлекет басшысы жаңа трендті сезініп қана қоймай, бұл саладағы нақты қадамдарды дер кезінде нұсқады, -

дейді бұл орайда сарапшы.

Тоқаев Америкаға сапары кезінде қазақстандық IT-стартаптармен танысу үстінде

Тоқаев Америкаға сапары кезінде қазақстандық IT-стартаптармен танысу үстінде IMAGE: ©Ақорда

Дәурен Сәкеннің айтуынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің халқына және барлық деңгейдегі басқару органдарына ЖИ бойынша нақты месседж жібере білді. Сондықтан Қазақстанды ЖИ саласында жүретін жолы айқын аз мемлекеттердің бірі деуге болады. Сарапшының ойынша, бұл саланы таза нарықтың өзі игере алмайды, "бизнестің өзі иіріп әкетеді" деп ойлау - қате.

“Әлемдік ғылыми институттардың өзі ЖИ саласын тек мемлекетпен бірге ғана дамытуға болатынына сенімді. Мысалы, сауда нүктесінің чатботын бизнес өзі игергенімен, дивиденді болар-болмасы белгісіз әрі ұзақмерзімді зерттеуді қажет ететін биомедицина, қорғаныс салаларына қызыға қоймайды. Сондықтан, нағыз керек бағыттар бойынша артта қалып қоюымыз мүмкін. Бұл жерде президент стратегиялық шешімдер легін дер кезінде қабылдады”, -

дейді сарапшы.

Қазақстан - Орталық Азияның технологиялық көшбасшысы

Біздің аймақ - әлем экономикасында әр мемлекетті бөлек қарастырғанда кішкентай, бірге қарастырған кезде тиімді, экономикалық маңызы бар мекен. Сарапшы Дәурен Сәкеннің пікірінше, қалыптасып отырған бұл жағдай әлемдік хай-тек компанияларды әлемнің бұл бұрышына аймақ ретінде қарастыруына әкеліп соғады.

“Мысалы, кезінде Microsoft, Oracle сияқты әлемдік грандтардың Орталық Азия үшін өкілдіктері Мәскеуде ғана болды. Бұл деген - тек қосымша құн салығы арқылы ғана қомақты ақша Ресейге ағылып жатты деген сөз. Енді, қазіргі ахуалға қатысты әлемнің технологиялық алпауыттары келесі қолайлы жерді қарайлайды. Бұл орайда - Қазақстанды Орталық Азияның басты елі болуына мүмкіндіктер көп”, -

дейді ол.

Сарапшы, әлемдік технологиялық алпауыттар аймақтағы орталық таңдаған кезде ең алдымен - қаржы жүйесі мен коммуникацияның жетілу деңгейін, кадрдың болуын және түрлі әлемдік рейтингтердегі мемлекеттің орнын бажайлап алады.

“Бұл ретте жақсы көрсеткіштеріміз көп. Мысалы, беделді World Financial Review сараптамалық басылымының биылғы, 2025 жылғы мәліметінше - Қазақстан цифрлық технологиялардың дамуы жөінен әлем бойынша топ ондықта. Яғни, Оңтүстік Корея, Эстония, Даниямен бірге иық тіресіп тұрмыз. Германия, АҚШ сияқты елдердің Қазақстаннан кейін тұрғанына да назар аударыңыз. Мұндай көрсеткіштер Қазақстанның Орталық Азия аймағының технологиялық хабы болуына бірден бір себеп бола алады”, -

дейді сарапшы бұл жөнінде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу