Бұл жазба malim.kz пен Yandex Ads серіктестігі аясында жарияланып отыр.
Қысқы мерекеге санаулы күндер қалғанда қазақстандықтар сыйлықтарды, мерекелік демалысты қалай өткізуге болатынын белсенді түрде зерттей бастайды. Yandex Ads 2024–2025 жылдардың желтоқсан–қаңтар айларындағы сұраныстарын талдап, пайдаланушылардың Жаңа жыл алдында көп іздейтін тауарлары мен қызметтерін жариялады. Дәстүрлі түрде көп ізделетін шырша мен адвент-күнтізбелерден бөлек, сұраныстар арасында 3D-принтерлер, саундбарлар және ақ шоколад та бар.
Сыйлықтар іздеудің шарықтау шегі – мерекеге бір апта қалғанда
Жаңа жылдық сыйлықтарға қызығушылық қараша айынан бастап артады.
Талдау бойынша:
- адвент-күнтізбелерге сұраныс 61%,
- әріптестерге арналған сыйлықтарға 53%,
- сыйлық сертификаттарына 37% өседі.
Yandex Ads Орталық Азиядағы басшысы Мадина Сейсенғалиева бұл кезеңнің әрі қолданушылар, әрі компаниялар үшін аса тығыз уақыт екенін айтады. Оның сөзінше, адамдар сыйлықты, демалыс уақытын және мерекелік дастархан мәзірін алдын ала жоспарласа, бизнес бәсекелестерден ерекшелену үшін сұранысты ерте қалыптастыруға ұмтылады. Яндекс Іздеу жүйесін маркетингке қосу брендтердің пайдаланушымен алғаш байланыс орнатуына мүмкіндік береді.
Жазылымдар — танымал әмбебап сыйлық
Желтоқсан айында түрлі сервистерге жазылуға деген қызығушылық орташа деңгеймен салыстырғанда 36% жоғары.
Ең танымалдары:
- мульти-жазылымдар — +45%,
- ойындарға жазылымдар — +39%,
- Telegram Premium — +39%.
Балалар іс-шаралары мен сыйлықтары
Балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер мен шырша бағдарламаларына сұраныс қазан айының соңында өсіп, желтоқсан ортасында шарықтайды. Балалар сыйлықтарына қызығушылық айдың екінші аптасында ең жоғары деңгейге жетеді.
Бос уақытты өткізу: мұз айдыны көш бастап тұр
Желтоқсан–қаңтар кезеңінде қазақстандықтар көңіл көтеретін жерлерді жиі іздейді:
- мұз айдындарына сұраныс — 3,7 есе,
- боулингке — +61%,
- караокеге — +49%.
Мерекелік дастархан: рецепттер, азық-түлік және жеткізу қызметтері
Желтоқсанда азық-түлік іздеу 33% өседі. Көпшілік - тамақты үйде пісіруге ниетті болғандықтан, рецепттерге сұраныс 30% жиілейді.
Жеткізу қызметтері де сұраныстың артуын байқатты:
- азық-түлік жеткізу — +41%,
- дайын тағам жеткізу — +23%.
Азық-түлік санатында ең үлкен өсім көрсеткендер:
- балық және теңіз өнімдері — +93%,
- кондитерлік өнімдер — +36%,
- ет — +33%.
Тәттілер арасында:
- ақ шоколад — +78%,
- карамель — +72%,
- шоколадты кәмпиттер — +59%,
- печенье, вафли, пряник — +56%.
Сусындардан:
шай — +29%,
кофе — +24%,
шырындар, морстар — +24%,
газдалған сусындар — +17%.
Күтпеген тренд: электроника мен тұрмыстық техника
2024 жылғы желтоқсанда ерекше жоғары қызығушылық танытқан техникалар:
- 3D-принтерлер — +62%,
- саундбарлар — +60%,
- VR-көзілдіріктер — +52%.
Тұрмыстық техникадан:
- аэрогрильдер — +121%,
- стайлерлер — +101%,
- бу тазартқыштар — +93%.
Смарт-гаджеттерге сұраныс жылдық көрсеткіштен екі есе жоғары.
Смарт-колонкалар — +50%, смарт-теледидарлар — +45%.
Сатып алушылардың мінез-құлқы
Пайдаланушылар қымбат сыйлықты таңдауға асықпайды:
Орта есеппен бір адам:
- 8 түрлі сұраныс жібереді,
- 6 сайтты салыстырады.
Сатып алу туралы шешімге дейінгі үдеріс шамамен 8 күнге созылады.
Мерекелік атмосфера: шыршалар, әшекейлер, косметика
Үйді безендіруге арналған тауарлар ең жылдам өсетін санат ретінде тіркелді:
- жасанды шыршалар — +206%,
- табиғи шыршалар — +176%,
- шырша ойыншықтары — +188%,
- жаңа жылдық аксессуарлар — +183%,
- гирляндалар — +165%.
Косметика мен парфюмерияға сұраныс та артады:
- косметика дүкендерін іздеу — +112%,
- сәндік косметика — +46%,
- күтім құралдары — +40%.
Онлайннан офлайнға: сатып алушының жолы
Көпшілік алдымен интернеттен бағасын қарап, кейін дүкенге барып сатып алуды жөн көреді. Сондықтан Жаңа жыл алдында:
- үй тауарлары сататын дүкендерге,
- косметика бутиктеріне,
- азық-түлік гипермаркеттеріне
сұраныс жиілейді.
Мадина Сейсенғалиева бизнес өкілдеріне дүкен ақпаратын карталарда өзекті етіп көрсету, жұмыс уақытын жаңарту және акцияларды ерекшелеу арқылы тұтынушыларды тартуға болатынын айтады.