freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық банк футболдан өтетін әлем чемпионатына арнап күміс монеталарды айналымға шығарады

Қоғам
Ұлттық банк футболдан өтетін әлем чемпионатына арнап күміс монеталарды айналымға шығарады
nationalbank.kz

Қазақстан Ұлттық банкі биыл жазда футболдан өтетін әлем чемпионатына арнап коллекциялық монеталар шығарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Azattyq Rýhy-ның жазуынша, монеталардың сатуға қашан шығарылатыны туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша берілмек. FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монетасы әзірленгенде немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматикалық компаниясы серіктес болған. Оның 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталарды шығаруға FIFA берген ресми лицензиясы бар. Бұл – футбол тарихындағы ХХІІІ чемпионат және алғаш рет үш елде қатар өтеді. Оның үстіне, ақтық ойындарға қатысатын ұлттық құрамалардың саны 48-ге дейін ұлғайтылып отыр.

«Монета реверсінің жоғарғы бөлігінде финалдық ойындарды қабылдайтын Канада, АҚШ және Мексика елдерінің жалауы бейнеленген. Ортасында жер шары континенттері мен «FIFA WORLD CUP 26 TM» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде FIFA-ның Әлем кубогы бейнеленген. Ал футбол добы кескінделген композицияның екі жағында футболшылардың бейнесін көруге болады. Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Түрлі түсті баспа технологиясы қолданылған монетаға алтын жалатылған. Монета массасы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1000 теңгелік, жалпы таралымы – 2000 (екі мың) дана. 1 500 данасы – Қазақстанның ішкі нарығына, сыртқы нарыққа (жобаның серіктесі – MDM нумизматикалық компаниясы) – 500 дана таралады», – деп жазылған хабарламада.

Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу