Құжат жинау үшін әкімдікке барудың қажеті жоқ

Malim Админ

  • 09.07.2020

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 3-шілде күні атаулы әлеуметтік көмек алушылардың төлемдерін үшінші тоқсанда ұзарту

және мүгедектік мерзімін 3 айға автоматты түрде созуға бұйрық әзірлегенін хабарлаған еді. Енді, міне бір апта ішінде  яғни, 9-шілдеге дейін 29 мыңға жуық азаматтың мүгедектігіне қатысты құжат мерзімі автоматты түрде созылғанын хабарлады. Бұл дегеніңіз, мемлекет беретін тиісті төлемдерді коронавирус карантинінде алу үшін мүгедек жандар бұрынғыдай құжат түгендеп, мемлекеттік мекемелерді аралап жүрмейді.

Ал атау әлеуметтік көмектің (АӘК) беру тәртібіне келсек, бірінші кезекте АӘК отбасы құрамы, тұратын жері, табысы өзгермеген отбасыларға тағайындалмақ. Ал, қайта тағайындалатын әлеуметтік көмекте жаңа деректер тексеріліп, нақтыланбақ. Тұратын жеріндегі тіркеуі, мүліктері,  көлігі және басқа кірістері есепке алынбақ. Осыған қатысты барлық  ақпарат пен хабарлама электронды пошта немесе мессенджермен жіберілмек.

Ал өткен екінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті алмағандар АӘК-ті алғаш рет тағайындау үшін әкімдікке барып керегі жоқ. Өтінішті

egov.kz  порталына жіберсе жетіп жатыр. Өтішінші тексерген мамандар жауаптарын электронды пошта немесе мессенджермен хабарламақ.

Сондай-ақ. учаскелік комиссиялар  бұрынғыдай көшпелі тексеру  жүргізбейді.

Ал мүгедектік, жалпы және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі, сондай-ақ жеке оңалту бағдарламасы, бұдан бұрынғы сияқты автоматты түрде ұзартылады. Бұл шара қайта куәландыру мерзімі шектеу шаралары кезеңіне келген азаматтарға қатысты болады.

Мүгедектікті алғаш рет белгілеген жағдайда egov.kz порталында «Электрондық өтініштер» бөлімінде құжаттардың сканерленген көшірмелерімен қоса өтінім беру қажет.

16 және 18 жасқа толған мүгедек балаларға қатысты сырттай қайта куәландыру қарастырылған. Оларға мүгедектік қолда бар құжаттар негізінде және алдыңғы сауалнамаға сәйкес мүгедектік дәрежесін ескере отырып белгіленеді.

Мүгедектік мерзімін автоматты түрде ұзарту алғаш рет Қазақстанда  төтенше жағдай режимі  енген соң қабылданды. Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай кезеңіне және одан бір ай бұрын уақытқа (2020 жылғы 15 ақпаннан бастап) қатар келген адамдарға мүгедектік 3 айға ұзартылған еді.

Ресми деректерге қарағанда,  жыл сайын 250 мыңнан астам азамат медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтеді. 2019 жылы мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларын анықтау қызметін 251 909 адам алған.