«Енді коронавирус жұқтырғандарға дәрі тегін беріледі»

  • 10.08.2020
  • Malim Админ

Енді Денсаулық сақтау министрлігі апта сайын  арнайы брифинг өткізіп, елдегі пандемия жағдайын айтып отырады. Бұл туралы ведомстваның ресми өкілі Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ айтқан «еститін мемлекет» тұжырымдамасын осылайша жүзеге асырмақ. Қазір COVID-19 инфекциясы өсуі тоқтапты. Сауыққандар 73 пайызға артқан екен. 2020 жылдың 13 наурыз айынан бері Қазақстанда 99 442 адам ауырып, оның  75 593-і жазылған екен.

«Карантин басталғалы бес апта өтті. Содан бері жедел жәрдем шақырушылар 65 пайызға азайған. 1-10 тамыз күндері аралығында 163 адам көз жұмды. Тағы бір жақсы жаңалық енді коронавирус жұқтырған адам дәріхана жағалап жүрмейді. Өз мекен-жайы арқылы тіркелген емханадан тегін дәрі-дәрмек алады», - деді Бағдат Қожахметов.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, Қазақстан COVID-19 инфекциясын жұқтырған мемлекеттер арасында 26 орында екен. Қазір «СК-Фармация» 40 мың адамды емдеу үшін бір айлық дәрі қорын дайындап қойған екен. Болуы мүмкін деген коронавирустың екінші толқынына 200 мың адамға арналған дәрі-дәрмек алу жоспарда бар екен. Қазір 340 мобильді бригада жұмыс жасауда.

 

Байланысты жаналықтар

Ұзынағашта оңалту орталығы ашылды

15.12.2020

Бекшиннің шамасы "Мегаға" жетеді, барахолкаға жетпейді

26.10.2020

Бейруттағы жарылысқа қатысты Сыртқы істер министрінің түсініктемесі

05.08.2020

"Саяси реформалар жүзеге асып жатыр"

25.05.2020

Алексей Цой неге Ресей вакцинасын салдырмады?

01.02.2021

Ауылдағы науқастарды мал дәрігерлері қарайды

21.07.2020