Прокурор Төлесованы бас бостандығынан айыруды сұрады

Malim Админ

  • 11.08.2020

"Билік өкіліне күш көрсетіп, қорлады" деген айып тағылған Әсия Төлесованың сотында жарыссөз жүріп жатыр. Прокурор Ерлан Құланбаев Төлесованы 1 жылға бас бостандығынан айырып, айыппұл салуды сұрады.

Жарыссөзде сөйлеген прокурордың айтуынша, Төлесованың кінәсі сотта толық дәлелденді. "Төлесова Төлегенов, Абиболла, Сабалақов, Талдыбаев пен Темірхановқа қарата "гад, и ты гад! Никто из вас не достин носить форму. Мерзкие менты!" деп оларды қорлаған. Полиция қызметкерлерінің ешқайсысы Төлесоваға қатысты заңсыз әрекет жасамады. Төлесова Темірхановты себепсіз басынан ұрып, ол соққыны дарытпаған соң, екінші мәрте ұрып, бас киімін қағып түсірді. ол Төлесованы ұстамақ болғанда үшінші соққыны жасады", - деді прокурор.

"Төлесованың полицейлердің әрекетін заңсыз деп көрсетуі негізсіз. Неге ол сол уақытта полицияға шағымданбады? Өйткені оған негіз болмады", - деді прокурор.

Прокурор Құланбаев Әсия Төлесованы бір жылға бас бостандығынан айыруды сұрап, 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (222 240 теңге) айыппұл салуды сұрады.

"Әсия Төлесованы бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраймын. Өйткені жасалған қылмыс басқару тәртібіне қарсы және айтарлықтай қауіпті. Қылмыстық кодекстің 53-ші және 54-баптарыа сәйкес, айыпталушының жазасын жеңілдететін себептер анықталмады. Жоғарыдағыны есепке ала отырып Төлесова Әсия Тасболатқызын қылмыстық кодекстің 387-бабы 2-бөлімі, 380-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, 378-баптың 2-бөлімі бойынша 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды, 380-баптың 1-бөлімі бойынша бір жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деді прокурор.

Жарыссөзде Төлесованың үстінен арыз жазған алты полицей – Темірханов, Төлегенов, Талдыбаев, Тұрғанбек, Абиболла және Сабалақов "прокурорды қолдаймыз" деп сөйлемей қойды.

Байланысты жаналықтар

Алматыда 1000 жас отбасы баспанамен қамтылады

20.02.2020

Еріктілер дәрігерлердің балаларына тегін тіл үйретеді

10.07.2020

"Елімізде демократиялық процестер дамып жатыр"

14.05.2020

Абзал Құспан Шораевтан жала жапқаны үшін кешірім сұрады

17.06.2020

Жеңіс күні қанша адам коронавирус жұқтырды?

11.05.2021

Синтетикалық есірткі: Тасымал мен сауда

30.09.2020
MalimBlocks
Алматыда 1000 жас отбасы баспанамен қамтылады

Еріктілер дәрігерлердің балаларына тегін тіл үйретеді

"Елімізде демократиялық процестер дамып жатыр"

Абзал Құспан Шораевтан жала жапқаны үшін кешірім сұрады

Жеңіс күні қанша адам коронавирус жұқтырды?

Синтетикалық есірткі: Тасымал мен сауда