Көтерілістен соң президенті ақыры отставкаға кетті

  • 19.08.2020
  • Malim Админ

Елдегі көтерілістен соң Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейт отставкаға кетті, - деп хабарлайды  РИА Новости агенттігі.

"Осы уақыттан бастап, өз өкілеттігімді тоқтатамын деп шешім қабылдадым. Мен билігімнің сақталғаны үшін қан төгілгенін қаламаймын", - деді президент тікелей эфирде.

Сонымен қатар, ол елдің парламенті мен үкіметі таратылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін Малиде көтерілісшілер президент Ибрагим Бубакар Кейт пен премьер-министрді кепілге алғаны айтылған болатын.

Ибрагим Бубакар Кейт 2013 жылдан бері Малидың президенті. Елдегі кедейліктің себебінен әскерилер мен халық көтеріліске шыққан.

Байланысты жаналықтар

Жанболат Мамай полицейлерді сотқа бермек

18.01.2021

"Түк көрмегендердің жағдайын көрсін": Аналар Ибраимовты әкімдікке іздеп барды

22.02.2021

Қазақстан экономикасын коронавирус талқандайды

05.03.2020

Көптоғайдағы дау Қалқаннан шығыпты

18.04.2021

Қазаққа «жер сыйлаған» Ресей депутаты түсініктеме берді

12.12.2020

БАҚ: Мәдениет және спорт министрінің орынбасары ұсталды

22.02.2021